Күріш өсімдігінің (Oryza Sativa L.) өсуі мен биомасса жинақтауына кадмий йондарының және өсу реттегіштерінің әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v68.i3.03
        81 0

Аннотация

Кадмий – бұл уытты, экспозиция деңгейі өте төмен және өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың және жалпы барлық тіршілік иелерінің денсаулығына зиянды әсер етеді. Өнеркәсіптің деңгейіне байланысты, сондай-ақ жалпы технологияның жоғарылауына байланысты қоршаған ортаға жыл сайын Cd бөлінеді. Сондай-ақ ауылшаруашылық өңірлерде фосфорлы тыңайтқыштардың кесірінен кадмийдің топыраққа таралуы жүреді.
Кадмийдің уытты әсерін төмендетудің түрлі стратегиялары жасалуда. Өсу реттегіштерді қолдану кадмийдің фитотоксикалық әсерін төмендетуі мүмкін. Бұл жұмыстың мақсаты кадмий әсерінен күріш өсімдіктерінің өсуіне «Эпин-экстра» препаратының әсерін зерттеу болды. Кадмий мен «Эпин-экстра» өсу реттегішінің күріш өсімдігінің жер үсті мүшелерінің және тамырларының өсуіне және биомасса жинақтауына әсері зерттелді. Бақылау нұсқалары ретінде кадмийсіз Эпин-экстра препаратының күріш дәндерін алдын ала өсу реттегіш ертіндісінде малынған («Эпин1-бақылау») және өсетін ортаға өсу реттегіші қосылған («Эпин2-бақылау») нұсқалары алынған екі жағдайы қолданылды.
«Эпин-экстра» препаратын қолдану күріш өсімдігінің жерүсті мүшелері мен тамырларының ұзындығы мен биомасса жинақтауын кадмий иондары бар жағдайда да, кадмий иондары ортаға қосылмаған жағдайда да арттырды. Сонымен қатар өсімдіктердің төзімділігі артқаны байқалды.

«Эпин-экстра» препаратын қолдану жағдайына байланысты өзгешелігі бар нәтижелер алынды, сонымен қатар сортаралық айырмашылықтар да байқалды, оны өсімдіктердің гормональды жүйесі қосылған әр түрлі генотиптерде әртүрлі күрделі сигналды механизмдермен сипатталған токсикант әсеріне жауап реакцияларының генетикалық әртүрлілігімен түсіндіруге болады.


Түйін сөздер: күріш, кадмий, төзімділік, өсу, өсу реттегіші, «Эпин-экстра».

Қосымша файлдар

Как цитировать

Nabiyeva, A., Rakhymgozhina, A., Atabayeva, S. D., & Alybayeva, R. A. (2021). Күріш өсімдігінің (Oryza Sativa L.) өсуі мен биомасса жинақтауына кадмий йондарының және өсу реттегіштерінің әсері. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 68(3), 17–27. https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v68.i3.03

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ