Солтүстік Қазақстан аумағындағы қара терек (Populus Nigra L.) жапырақтарының күліндегі химиялық элементтердің құрамы

Авторлар

  • Г Е Байкенова Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Қазақстан, Көкшетау қ
  • Н В Барановская Томск политехникалық университеті, Ресей, Томск қ.
  • А А Какабаев Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Қазақстан, Көкшетау қ
  • Р И Берсимбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
  • А Зандыбай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
  • Н А Байкенов Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Қазақстан, Көкшетау қ

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v69.i4.01
        92 0

Аннотация

Жұмыстың өзектілігі зерттелетін аумақта жоғары өсімдіктің ең көп таралған түрі және қоршаған ортаның биоиндикаторы ретінде қара терек жапырақтары күлінің (Populus nigra L.) элементтік құрамын зерттеу қажеттілігімен байланысты. Солтүстік Қазақстан аумағында өсетін қара терек (Populus nigra L.) жапырақтарының күліндегі химиялық элементтердің құрамы Томск политехникалық университетінің зертханасында инструменталды нейтронды активациялау анализі әдісімен алынған зерттеулер ұсынылған. Жапырақ күлінде 28 химиялық элементтер анықталды: Na, Ca, Sc, Cr, Fe, Co, Zn, As, Br, Rb, Sr, Ag, Sb, Cs, Ba, La, Ce, Nd, Sm, EU, Tb, Yb, Lu, Hf, Ta, Au, Th, U. Зерттелетін аумақтың қара терек (Populus nigra L.) жапырақтары күліндегі химиялық элементтер құрамының статистикалық параметрлері анықталды, бұл оларда қалыпты және логнормалды заң бар екенін көрсетті. Кластерлік талдау нәтижелері бойынша 10 маңызды қауымдастық анықталды. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін спецификалық элементтерді анықтау мақсатында геохимиялық қатарлар салынды. Ол келесі элементтер: Cr, U, Sr, Au, Co, Ca, Na, Lu және Zn. Әдеби көздерге нормалауға қатысты келесі элементтер
спецификалық болып саналады; Zn, Sr, Ca, Br, As, Ba.


Түйін сөздер: химиялық элементтер, биоиндикатор, қара терек жапырақтарының күлі (Populus nigra L.), инструменталды нейтронды активациялау анализі, Солтүстік Қазақстан.

Жүктелулер

Как цитировать

Байкенова, Г. Е., Барановская, Н. В., Какабаев, А. А., Берсимбаев, Р. И., Зандыбай, А., & Байкенов, Н. А. (2021). Солтүстік Қазақстан аумағындағы қара терек (Populus Nigra L.) жапырақтарының күліндегі химиялық элементтердің құрамы. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 69(4), 4–12. https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v69.i4.01

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ