Content of chemical elements in the ash of black poplar (Populus Nigra L.) leaves in the territory of Northern Kazakhstan
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v69.i4.01Abstract
Жұмыстың өзектілігі зерттелетін аумақта жоғары өсімдіктің ең көп таралған түрі және қоршаған ортаның биоиндикаторы ретінде қара терек жапырақтары күлінің (Populus nigra L.) элементтік құрамын зерттеу қажеттілігімен байланысты. Солтүстік Қазақстан аумағында өсетін қара терек (Populus nigra L.) жапырақтарының күліндегі химиялық элементтердің құрамы Томск политехникалық университетінің зертханасында инструменталды нейтронды активациялау анализі әдісімен алынған зерттеулер ұсынылған. Жапырақ күлінде 28 химиялық элементтер анықталды: Na, Ca, Sc, Cr, Fe, Co, Zn, As, Br, Rb, Sr, Ag, Sb, Cs, Ba, La, Ce, Nd, Sm, EU, Tb, Yb, Lu, Hf, Ta, Au, Th, U. Зерттелетін аумақтың қара терек (Populus nigra L.) жапырақтары күліндегі химиялық элементтер құрамының статистикалық параметрлері анықталды, бұл оларда қалыпты және логнормалды заң бар екенін көрсетті. Кластерлік талдау нәтижелері бойынша 10 маңызды қауымдастық анықталды. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін спецификалық элементтерді анықтау мақсатында геохимиялық қатарлар салынды. Ол келесі элементтер: Cr, U, Sr, Au, Co, Ca, Na, Lu және Zn. Әдеби көздерге нормалауға қатысты келесі элементтер
спецификалық болып саналады; Zn, Sr, Ca, Br, As, Ba.
Түйін сөздер:химиялық элементтер, биоиндикатор, қара терек жапырақтарының күлі (Populus nigra L.), инструменталды нейтронды активациялау анализі, Солтүстік Қазақстан.