Алматы қаласы саябақтарының флорасының биоалуантүрлілігі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v69.i4.07Аннотация
Мақалада Алматы қаласындағы 13 парктің флорасының биоалуантүрлілігіне талдау жасалады. Көп жылдық флористикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша Алматы қаласындағы саябақтардың флорасы 201 және 70 тұқымдастыққа жататын тамырлы өсімдіктердің 360 түрінен тұрады. Орталық мәдениет және демалыс саябағы – 201 түр; “28 гвардияшыл-панфиловшылар” саябағы – 111 түр; “Көк-Төбе” саябағы – 110 түр; “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті” саябағы – 124 түр; “Дружба” паркі – 73 түр; “Южный” паркі – 98 түр; “Гүлдер” паркі – 76 түр; “Ганди” саябағы – 97, “Сейфуллин” саябағы – 74, “Детский” саябағы – 76, “Family” саябағы – 142, “желтоқсан” саябағы – 58. Түр құрамы бойынша Алматы саябақтарының флорасында Magnoliophyta бөлімі басым, оның үлесіне 98,4% тиесілі және 1,6% Pinophyta, Polypodiophyta, Lycopodiophyta және Equisetophyta жатады. Саябақтардың флорасын талдау ағаш-бұта өсімдіктерінің 35-ке жуық түрі барлық саябақтарға, бульварлар мен алаңдарға ортақ екенін көрсетті. Барлық саябақтардың флорасында жергілікті байырғы түрлердің пайызы өте төмен пайызды құрайды (1-3%). Саябақтар флорасының тіршілік формаларының спектрінде көпжылдық шөптер (46,1%) және ағаш-бұта түрлері (54,0%) басты рөл атқарады. Алматы қаласы саябақтарының жалпы флорасы үшін ксеромезофиттер мен мезофиттердің басым болуы байқалады.
Түйін сөздер:саябақтар, қала, флора, Алматы, жасыл желектер.