НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕРСІНДІРІЛГЕН АРША СОРТТАРЫНЫҢ ҚЫСҚА ТӨЗІМДІЛІГІ МЕН СӘНДІК ҚАСИЕТТЕРІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v70.i1.09Аннотация
Сәндік қылқан жапырақты өсімдіктердің алуантүрлілігін байыту бойынша шаралар
эстетикалық, санитарлық жағдайды жақсартуға және қалалық ортаның экологиялық
мәселелерін шешуге ықпал етеді. Мақалада 2018-2021 жылдары Астана ботаникалық бағына
жерсіндірілген арша сорттарының түр құрамын зерттеу және бағалау бойынша деректер
келтірілген. Берілген жұмыстың мақсаты аймақты одан әрі көгалдандыру үшін ботаникалық
бақтың аумағында аршаның әртүрлі формаларының қысқа төзімділігі мен сәндік қасиеттерін
бағалау болып табылады. Қалалық екпелерде өсімдіктер өсіру болашағын сипаттайтын сәндік
және оңтайлы бейімделу белгілерін анықтау мақсатында нысандар ретінде ботаникалық бақ
ашылған жылы отырғызылған Juniperus L. туысының бес түрі (J. pseudosabina Fisch. & C. A. Mey,
J. sabina L., J. x pfitzeriana (Spath) P.A. Schmidt., J. horizontalis, J. scopulorum Sarg.) таңдалды.
Нұр-Сұлтан қаласының климаттық және топырақ жағдайларына түрлердің бейімделуі туралы
қорытынды жасалды және талданған жағдайларда аршаның кейбір сорттарын сәтті енгізу
бойынша ұсыныстар берілді. Кешенді бағалау негізінде Нұр-Сұлтан қаласының ауа-райына
төзімді және -эстетикалық -рекреациялық мақсаттарда пайдалануға J.sabina, .J. x pfitzeri-
ana және J. horizontalis сорттары ұсынылса, ал J. pseudosabina және J. scopulorum аршалары
қосымша күтімді қажет етеді.
Түйін сөздер: Арша, сорт, жағдайында, бағалау, бейімделу, сәнділік.