Қазақстан Республикасының термальды және минералды су көздерін биодизель продуценті микробалдырларды дақылдау үшін пайдалану мүмкіндіктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v71.i2.04Аннотация
Микробалдырлар жылдам фотоавтотрофты өсумен және биомассаның жоғары жинақталуымен сипатталады және биодизель сияқты жаңартылатын энергия көздері үшін балама шикізат ретінде қарастырылады. Биоотынды зерттеу – биомассаның дұрыс типін тауып, оны отынға айналдыру туралы ғана емес, сонымен қатар экологиялық және экономикалық тұрғыдан негізделген нұсқаларды табу болып табылады. Жұмыста Parachlorella kessleri DZP-5, Parachlorella kessleri B2 және Ankistrodesmus falcatus B5 микробалдырларын өсіру ортасы ретінде термалды және минералды су көздерін пайдалану бойынша зерттеулердің нәтижелері берілген. Тамия ортасын 50:50 қатынасында сұйылту үшін «Аршан» термалды бұлағы мен Балқаш тұзды көлінің суын пайдаланған кезде микробалдырлар дақылдарының қарқынды өсуін алуға және сонымен бірге, биодизельді отынның продуценттері микробалдырлардың негізгі сипаттамаларын сақтауға болатыны көрсетілді. Оған қоса, микробалдырлардың үш сыналған штамының май қышқылдарының құрамы берілді, бұл олардың биодизель продуценттері ретіндегі әлеуетін көрсетті.
Түйін сөздер: микробалдырлар, термиялық және минералды су көздері, дақылдау, биодизель продуценттері, май қышқылдары.