Ұялы телефондардың электромагниттік сәулеленуінің әсерін Daphnia magna сынақ объектісі арқылы бағалау

Авторлар

  • I. T. Sultangaliyeva Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
  • R. R. Beisenova Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v72.i3.06
        186 90

Аннотация

Қазіргі уақытта халықтың электромагниттік қауіпсіздік проблемасының әлеуметтік маңыздылығы Қазақстан Республикасының, сондай-ақ әлемнің басқа елдерінің қазіргі дамуы үшін өзекті мәселесі болып табылады. Соңғы екі онжылдықта ұялы байланыс жасаған радиожиілікті электромагниттік өрістердің қоршаған ортаға әсері артып келеді және бұл үрдіс жалғасады деп күтілуде. Пайда болған электромагниттік өрістерден қазіргі заманғы технологиялар электромагниттік ластану көздеріне айналды. Техногендік процестердің күшеюіне және олардың Жердің электромагниттік өріс әсеріне байланысты электромагниттік сәулеленудің тірі организмдерге әсері тақырыбы зерттелуде. Электромагниттік өрістердің барлық көздері, әдетте, электромагниттік өрістердің әсер ету аймағындағы өсімдіктерге, жануарларға, жәндіктерге және топырақ флорасына әсер ететін күрделі электромагниттік сәулелену көзі болып табылады. Ұялы телефондар шығаратын электромагниттік өрістердің тірі организмдер мен адам денсаулығына әсері зерттеу үшін маңызды тақырыптардың бірі болды, өйткені ұялы телефондар бүкіл әлемде кеңінен қолданылады. Көптеген елдерде электромагниттік сәулеленудің антропогендік көздерінің арасында ұялы байланыс ерекше орын алады. Ұялы телефон 900/1800 МГц диапазонында жұмыс істейтін шағын габаритті қабылдағыш және ол қоршаған ортаны зақымдайтын факторлардың бірі болып саналады. Ұялы телефондардан болатын электромагниттік сәулеленуінің Daphnia magna санына әсері зерттелді. Электромагниттік сәулеленудің әсері Samsung Galaxy J7 және Vivo V 20 ұялы телефондарының әсерінен токсикологиялық зерттеуде айқын көрінеді. Эксперимент кезінде ұялы телефондардың осы модельдерінің сәулеленуі анықталды және Vivo V 20 әсер еткен кезде олардың саны Samsung Galaxy J7 әсеріне қарағанда жоғары болғандығы, бірақ бақылау тобымен салыстырғанда төмен болғандығы анықталды.

Түйін сөздер: электромагниттік сәулелену, электромагниттік өрістер, ұялы телефон, дафния мәдениеті, популяция cаны, гидробионттар.

Жүктелулер

Как цитировать

Sultangaliyeva, I. T., & Beisenova, R. R. (2022). Ұялы телефондардың электромагниттік сәулеленуінің әсерін Daphnia magna сынақ объектісі арқылы бағалау. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 72(3), 60–68. https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v72.i3.06

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БИОТАҒА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ