Характеристика фитохимического состава лекарственного растения Linaria vulgaris Mill, выращиваемого в агробиостанции Алматинской области
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v72.i3.07Аннотация
Дәрілік өсімдіктер ерте заманнан бері халық медицинасында кеңінен қолданылған. Қазіргі уақытта бұл өсімдіктер денсаулық сақтау және фармацевтика саласының маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Дәрілік қасиеттері бар өсімдік түрлерінің көп болуына байланысты кейбір елдерде дәстүрлі медицинаның кеңінен дамуы байқалды. Қазақстан флорасы да климаттық және географиялық ерекшелігіне қарай ғылыми-практикалық маңызы бар дәрілік өсімдік түріне бай. Солардың бірі, сабынкөктер тұқымдасына жататын шипалық қасиетімен ерекшеленетін, халық емінде және фармацевтика саласындағы синтетикалық дәрілердің шикізаты ретінде пайдаланатын кәдімгі сиякөк (Linaria vulgaris Mill) өсімдігі. Қазақстанда Linaria vulgaris Mill дәрілік өсімдігі ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген. Сондықтан, Алматы облысының агробиостанция жағдайында өсірілген Linaria vulgaris Mill дәрілік өсімдігі зерттеу нысаны ретінде алынып, фитохимиялық ерекшелігіне талдау жасалынды. Осы зерттеу нәтижесінде агробиостанция жағдайында Linaria vulgaris Mill өсімдігінің тіршілік күйі толық генерациялық кезеңнен өтетіні және химиялық құрамында амин қышқылдар, флавоноидтар, тері илегіш заттар және көмірсулар сынды биологиялық активті экстрактивті заттардың бар екені анықталды. Бұл мәліметтер Linaria vulgaris Mill өсімдігінің ботаникалық сипаттамасын толықтырып, оны интродукциялау және шикізаттық қорын кеңейтуде, медицина, сонымен қоса фармацевтика салаларында жан-жақты пайдалануда маңызды болып саналады.
Түйін сөздер: Linaria vulgaris Mill, кәдімгі сиякөк, экстракт, дәрілік өсімдіктер.