Алтай жотасындағы туризм әсерінен топырақ жамылғысының зақымдануы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v73.i4.04
        120 98

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстандық Алтай және Моңғол Алтай жотасындағы бақылаусыз туризм әсерінен топырақ жамылғысының зақымдануы туралы зерттеу нәтижелері ұсынылған. Экспедиция және лабораториялық жұмыстар  бойынша  Моңғол Алтай жотасында барлығы 24,7 км-ге созылған 182,7 км аумақтың топырақ жамылғысының көліктердің тарам жол шығаруынан және туристердің аяғына тапталуынан зақымданғандығы анықталған. Өлшенген бұл аумақтардың 56,9%-ы толық талқандалып, 35,4%-ы тастақ немесе шөлейтке айналған. Ал Қазақстандық Алтай жотасында барлығы 55,3 км-ге созылған 705,7 га алаңда тарам жолдар пайда болып топырақ жамылғысы зақымданған. Өте жоғары талқандалып, зақымданған алаң  жоқ. Есепке алынған барлық аумақтың 84.4%-ы орташа зақымданып, өсімдік шөптер өсуі азайған. Топырақтың ауыр металмен ластануын анықтау барысында 8 кординаттан барлығы 40 сынама алынып зерттеулер жүргізіліп, талданған.  Моңғол Алтай жотасында да, Қазақстандық Алтай жотасында да туризм әсерінен топырақтағы қорғасын, никелдің мөлшері 2-4 есеге артқан. Ал кадмий элементі мүлдем кездеспеген. Басқадай хром, мыс, мырыш қатарлы ауыр металдың мөлшері аздап артқан, және жолдың төменгі жағына жинақталған. Қазақстанда да Моңғолияда да бұл аумақта 300 шақырымның ішінде ешқандай тау кендер өндірісі, металлургия заводы, курорттар орналаспағандықтан топырақ ауыр металдармен тек туристердің автокөліктерімен ғана ластанып отырғандығы анықталған.   

Кілт сөздер:  Қазақстандық Алтай жотасы, Моңғол Алтай жотасы, топырақ жамылғысы, топырақтың ластануы.

Жүктелулер

Как цитировать

Badyelgajy, Y., Onerkhan, G., Kapsalyamov, B. A., Saspugayeva, G. Y., & Durmekbayeva, S. N. (2022). Алтай жотасындағы туризм әсерінен топырақ жамылғысының зақымдануы. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 73(4), 37–49. https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v73.i4.04

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ