Ауыр метал тұздарымен праймингтеу арқылы арпа өскіндерінің төзімділігін арттыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v73.i4.05
        121 100

Аннотация

Мақалада кадмий және қорғасын тұздарының әртүрлі концентрацияларының арпа өсімдігі өскіндерінің өсуі мен дамуына әсері зерттелді. Қорғасын мен кадмий иондарының әсеріне өскіндердің жауабы ретінде олардың ылғал және құрғақ биомассасының жинақталу өзгерістері, өскіндердің биіктігі, сонымен қатар тірі қалуы бағаланды. CdCl2 және Pb(CH3COO)2  күшті уытты әсер ететін ауыр металлдар тобына жататындықтан, оларды жекелей енгізгенде өсімдіктің ылғал және құрғақ биомассаның жинақталуынан бәсендеу байқалып, өскіндер биіктігінің төмендеуі және дамудың баяулауына әкеліп отыр. Pb(CH3COO)2 0,5-10 мМ концентрацияда өскіндерді ингибирлеу 2-10 есе төмендетсе, CdCl2 арпаның өскіндеріне жоғары концентрациядағы әсері құрғақ массаның жиналуын тоқтатуға әкелді. Арпа өскіндерінің қорғасын және кадмий тұздарының төмен концентрациясымен себер алдында өңделу, олардың металдарға төзімділігінің артырады және болашақта осы заттардың жоғары концентрациясының әсерін зақымданусыз және өсу процестерінің аз тежелуімен тасымалдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл металдар фитохелатин синтезінің күшті индукторлары болып табылады. Осылайша, осмопротектанттар жинақталуы ауыр металдардан жасушаны детоксикациялауда маңызды рөл атқаруы екіталай. Шамасы, ауыр металдардың қатысуымен осмопротектанттар жинақталуының мүмкін рөлі міндетті түрде металды хелаттаумен байланысты емес. Біріншіден, ауыр металдар әдетте жасушадағы су балансын бұзады. Су тапшылығы әрдайым өсімдік жасушасында осмопротектанттар жиналуына әкелетіні белгілі. Ауыр металдардан туындаған осмопротектанттар жинақтау функциясы металды тікелей хелаттауға қарағанда осморегуляциямен және ферменттерді дегидратациядан қорғаумен байланысты болуы мүмкін.

Түйін  сөздер: арпа өскіндерінің өсуі мен дамуы,  қорғасын мен кадмий тұздары, прайминг, төзімділік.

Жүктелулер

Как цитировать

Aitlessov, K. K., Aubakirova, K. M., & Alikulov, Z. A. (2022). Ауыр метал тұздарымен праймингтеу арқылы арпа өскіндерінің төзімділігін арттыру. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 73(4), 51–60. https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v73.i4.05

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БИОТАҒА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ