Тұзкөл көлінің цианобактерияларының биоалуантүрлілігі және бөлініп алынған дақылдардың морфологиялық, дақылдық қасиеттерін зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v73.i4.011Аннотация
Алматы облысының оңтүстік-шығысында, Райымбек ауданында, Шарын өзенінің жоғарғы сол жағалауында орналасқан Тұзкөл көлінің цианобактерияларының түрлік алуантүрлілігі зерттелді. Микроорганизмдердің биоалуантүрлілігі - бұл микроорганизмдердің болашағы мол жаңа түрлерін ашуға арналған ең үлкен пайдаланылмаған резервуар болып саналады. Зерттеу жұмысының мақсаты - Тұзкөл көлінің түрлік алуантүрлілігін зерттеу және цианобактерияларың болашағы мол түрлерін бөліп алу. Цианобактерияларды (Cyanobacteria) зерттеу нәтижелері бойынша планктоннан 12 түр, перифитоннан 15 түр анықталды. Цианобактериялардың галобтылығына қатысты зерттелетін көлдің экологиялық сипаттамасы галофильді түрлердің басым болуымен көлдің тұздылығын көрсетті. Сонымен қатар, көлде ортаның тұздылығына байланысты цианобактериялардың индифферентті түрлері кездесетіні анықталды. Цианобактериялардың 70%-ы сапробтылық индикаторлары болып табылады. Тұзкөл көлін фитопланктонның индикаторлық түрлері бойынша бағалау, оның олиго-бетамезосапробты санаттарға жататындығын көрсетті. Пантле және Букка әдісі бойынша сапробтық индекс 1,4-ке тең, бұл Тұзкөл көліндегі ластану белгілерінің жоқтығын дәлелдейді. Тұзкөл көлінен алынған сынамалардан 2 альгологиялық таза дақыл бөлініп алынды. Цианобактериялардың бөлініп алынған дақылдары BG -11 – қоректік ортасында, 30-320С температурада және 6000 лк жарық қарқындылығында жоғары өнімділік көрсетіні анықталды.
Түйін сөздер: түрлік құрам, биоалуантүрлілік, цианобактерия, Тұзкөл көлі, сапробтылық, альгологиялық таза дақылдар.