БЕСТЕР БАЛЫҒЫНА (ACIPENCER NIKOLJUKINII) ИХТИОТРОФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИХТИОПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАЛИЗ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v77.i4.08Аннотация
Мақалада бекіре тұқымдас балықтар арасында өте маңызды орын алатын гибрид- бестер балығының ихтиотрофологиялық және ихтиопатологиялық зерттеулерінің нәтижелері көрсетілген. Зерттеу жұмысының мақсаты тоғанда өсірілген бестер балығының қоректену спектрін зерттеу және сыртқы ортаның балыққа тигізген әсерін зерттеу болып табылады.
Бекіре тұқымдас балықтар қазіргі заманда аквамәдениеттің маңызы зор, бағалы өкілі болып есептеледі. Оған қоса, қазіргі уақытта бекіре тұқымдас балықтардың жаппай қырылуы және олардың санының жыл өткен сайын азаюы нәтижесінде, оларды тауарлық өсіруге деген қызығушылық өсуде. 2001 жылы Каспий теңізінің шекаралас төрт мемлекеті — Қазақстан, Түрікменстан, Әзербайжан және Ресей (Ираннан басқа) бекіре тұқымдас балықтарды аулауға уақытша тыйым салған болатын. Ол БҰҰ тарапынан CITES (қауіп төніп тұрған түрлермен халықаралық сауда жөніндегі конвенция) бойынша енгізілді. Бұл мәселенің шешімі бестерді өсіру болды, бестер аталық сүйрік пен аналық қортпаның шағылысуынан алынған гибрид түр болып саналады. Зерттеу жұмыстарына бестер балықтары 2021 жылы Halyk Balyk тоған шаруашылығынан жеткізілді. Зерттелген 15 дана балықтың абсолютты ұзындығы 12.7 см-ден 30.1 см арасында болса, үлкен салмағы 11.38 г-нан 110.4 г аралығындағы нәтиже көрсетті. Зерттеу барысында ихтиологиялық, ихтиотрофологиялық және ихтиопатологиялық анализ жүргізілді. Зерттеу жүргізуге стандартты сандық- салмақтық және арнайы гистологиялық әдістер қолданылды. Ихтиотрофологиялық зерттеулер бойынша толысу индексі 30,75%00 жоғары шамасын көрсетті. Зерттеу нәтижесінде суқойманың қоректік қорының жоғары деңгейлігі және сыртқы ортадан балыққа теріс әсер болмағаны анықталды.
Кілтті сөздер: бестер балығы, ихтиотрофология, бекіре тұқымдастар, ихтиопатология, Каспий теңізі.