Шымкент қорғасын зауыты өндірісінен бөлінген қалдық бөлшектерінің тарау жолының геоэкологиялық картасын құру
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v74.i1.01Аннотация
Шымкент қорғасын зауытынан бөлінген ауыр металдардың жазықтық миграциясын зерттеу Шымкент қаласы үшін өзекті мәселе. 1934 жылдан бастап қорғасынды қайта өндеу жұмыстары жүргізіліп, үйінді ретінде бөлінген қалдықтар зауыт аумағында орналастырылған.
Қорғасын үйіндісінің айналасында шаң шығарындыларын азайтуға арналған мелиоративтік немесе басқа нысандар салынбағандықтан, қорғасын шаңы ұзақ қашықтыққа еркін таралады. Мақалада климаттық және есептік деректер негізінде физикалық модель құру арқылы қорғасын шаңының жазықтық миграциясы зерттеліп, геоэкологиялық карта жасалды. Желжиын бағыты бойымен қорғасын шаңының таралуын көрнекі түрде сипаттайтындықтан, бұл еңбек зерттеу ауданыңда әрі-қарай топыраққа жүргізілетін экологиялық зерттеу мен бағалау жұмыстары үшін маңызды.
Қоспалардың тасымалдану геоэкологиялық картасын құру үшін алдымызда қалқымалы бөлшектердің шөгу жылдамдығымен қатар бөлшектердің өз массасына және жел жылдамдығына таралу байланысын анықталды. Сонымен қатар атмосферадағы қорғасын бөлшектерінің шөгу жылдамдығын анықтау үшін қорғасынның пішінін, фондық метеожағдайды, бөлшек диаметрін, бөлшек және ауа тығыздығын зерттелінді. Жел эрозиясының әсерінен өндіріс орындарындағы күл-қож үйінділері бетінен шаң бөлшектерінің атмосфера арқылы топыраққа түсу, өнеркәсіптік объектілер орналасқан аумақтарда ластанудың кең таралған түрінің бірі болып табылады. Есептеулер нәтижесінде шаң бөлшектерінің концентрациясы аңықталып, геоэкологиялық карта құрастырылды.
Кілт сөздер: геоэкологиялық карта, қорғасын үйінділері, шаң шығарындыларын бағалау, ауыр металдардың жазықтық миграциясы, бөлшектердің тасымалдану және таралуының физикалық моделі.