Шаян өзеніндегі (сырдария өзенінің бассейні) зеравшан тарақ балығының Leuciscus lehmanni (Cypriniformes; Actinopterygii) морфологиялық өзгергіштігі және популяциясының жағдайы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v75.i2.07Аннотация
Антропогендік жолмен туындаған экологиялық дағдарыс Арал теңізі бассейніндегі жергілікті ихтиофаунаға қатты теріс әсер етті. Мақалада Сырдария өзенінің салалары көптеген кәсіптік емес балық түрлері үшін табиғи мекен, сондықтан да жүргізілген зерттеудің міндеттері Шаян өзеніндегі тарақ балығының морфологиялық өзгергіштігін зерттеу және популяциясының жағдайын бағалау жайлы баяндалған. Балықтарға морфологиялық және биологиялық талдаулар кеңінен қолданылатын әдістеме бойынша жүргізілген. Зерттеу үшін балықтар 2013 және 2020 жылдары ауланған, сыртқы белгілерді талдау негізінде олардың зеравшан тарақ балығы Leuciscus lehmanni Brandt, 1852 түріне жататындығы анықталған. Алғаш рет Қазақстан Республикасының су айдындарындағы зеравшан тарақ балығының морфологиялық өзгергіштігі, өсуі мен қоректенуі бойынша деректер алынған. 32 пластикалық және 18 санау белгілерінің, өлшемді-салмақтық көрсеткіштерінің, қоңдылығының, майлылығының, өсудің және қоректену объектілерінің өзгергіштігі зерттелген. Жеке дарақтардың сыртқы түріндегі айырмашылықтар гетерогенді тіршілік ету ортасында әртүрлі тіршіліктік стратегияларды жүзеге асырудың нәтижесі болуы мүмкін. Әр түрлі жылдардағы іріктемелердегі сызықтық өсу қарқыны аздап өзгерген. 2013 және 2020 іріктемелерінде әр түрлі жастағы балықтар болатындығы, олардың дене өлшемдерінің өзгергіштік шектері осыған сәйкес келіп, бұл көбею мен тіршілік ету үшін жеткілікті жағдайларды көрсететіндігі айқындалған. 2020 жылмен салыстырғанда 2013 жылғы іріктемеде ірі балықтар басым, қоңдылығы, ішектің толығуы және майлылығы жоғары болған. Екі іріктемедегі балықтардың ішектерінде детрит, жасыл балдырлар, су жәндіктерінің дернәсілдері және жерде тіршілік ететін жәндіктердің ересектері (жарғаққанаттылар мен қосқанаттылар) бар. 2020 жылы қоректену жағдайларының нашарлауы орын алып, бұл қуыс майы қорының және балықтың қоңдылық коэффициенттерінің төмендеуіне әкеліп соқтырған. Сондай-ақ, 2020 жылы жеке даму гомеостазының бұзылуы күшейе түсетіндігі көрсетілген.
Кілтті сөздер: зеравшан тарақ балығы, Leuciscus lehmanni, морфология, биология, өзгергіштік, Сырдария бассейні, Қаратау.