Қазақстанда қой мен ешкілердің жұқпалы эктимасының таралу тәуекелін бағалау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v75.i2.08Аннотация
Контагиозды эктима (КЭ) – тері және шырышты қабаттардың эпителийінің папулезді-пустулярлы зақымдануымен жүретін қой мен ешкінің аса жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы - Poxviridae тұқымдасына жататың Parapoxvirus туыстасы, шешек тәрізді эпителиотропты ДНҚ-лы вирус болып табылады. Қойлар негізінен көбіне қой эктима вирусынан (Orf virus, ORFV) зардап шегеді. ORFV вирусы, өз кезегінде зооноздық потенциалымен, бір жануарда қайта инфекцияны тудыру қабілетімен, иелерінің жеткілікті кең ауқымымен және сонымен қатар қоршаған ортаға ерекше жоғары төзімділігімен сипатталады. Контагилзды эктиманың жер-жаһандық таралуы және ықтимал экономикалық шығындарын тудыруы мүмкіндігіне қарамастан, аурудың өзін-өзі шектейтін сипаты және қой мен ешкінің басқа вирустық ауруларымен салыстырғанда төмен экономикалық әсері, қазіргі уақытта көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда осы ауру жәйлі жеткілікті эпидемиологиялық деректер аздығына, ауруды бақылаудың тиімді стратегиясының жоқтығына және дұрыс қадағалаудың болмауына әкеліп соғуда. Бұл мақалада Қазақстандағы КЭ бойынша эпизоотиялық жағдайдың қарқындылығы талданып және орта мерзімді перспективада инфекцияның өршу қаупі бағаланады.
Түйінді сөздер: қой мен ешкінің контагиозды эктимасы, тәуекелді талдау, ORFV, эпидемиология, ИФА.