ҚАЗАҚСТАН ФЛОРАСЫНЫҢ СИРЕК ТҮРІ GAGEA KAMELINII LEVICHEV: ТАРАЛУЫ, МОРФОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ФИТОЦЕНОЗДЫҚ СИПАТТАМАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v76.i3.07Аннотация
Gagea Kamelinii Levichev түрінің жалпы таралуы, морфологиясы, фитоценотикалық шектелуі және оның Platyspermum Boiss секциясының басқа туыстас таксондарынан айырмашылығы туралы мәліметтер келтірілген. Қазақ ұсақ шоқыларының флорасы үшін (Орталық Қазақстанның Ұлытау облысы) түр алғаш рет келтіріліп отыр. Орналасқан жері оның таралуының ең солтүстік нүктесі болып табылады және ақ каштан сазды топырақтарында өскен боз жусанды-терескен және бозжусанды қауымдастықтармен шектелген. Табылған G. kamelinii түр үлгілері, оның Қазақстанда табиғи, тарихи таралуын растайды. Популяциялардағы түр, әдетте жалғыз данадан өте сирек кездеседі. Онтогенез кезіндегі түрдің морфологиясы мен биоморфологиялық белгілері, жақын туыстас түрлерден айырмашылығы, секцияның ерекшеліктері сипатталып және суреттелген. Мал жаю түрдің таралуын шектейтін фактор ретінде танылады. Қазақстанның Қызыл кітабының келесі басылымына G. kamelinii түрін енгізу ұсынылды. Зерттеулер дәстүрлі морфологиялық және географиялық тәсілдерді қолдана отырып, маршруттық әдіспен жүргізілді. Қазақстан аумағында Gagea туысының өкілдері біркелкі таралмаған. Түрлердің алуантүрлілігі таулы аймақтарда, әсіресе республиканың оңтүстігінде күрт өседі, ал Солтүстік және Орталық Қазақстанның жазықтарында айтарлықтай азаяды.
Түйін сөздер: Gagea kamelinii, Platyspermum секциясы, таралуы, морфологиялық белгілер, онтогенез, сирек түрлер, Қазақстан флорасы.