СОЛТҮСТІК ТЯНЬ-ШАНЬ ҰЛТТЫҚ ПАРКТАРЫНДАҒЫ RANUNCULACEAE ЖӘНЕ ОНЫМЕН ТУЫС ТҰҚЫМДАСТАРДЫҢ (PAEONIACEAE, BERBERIDACEAE) ГЕНОФОНДЫН САҚТАУ

Авторлар

  • A. A. Ivashchenko ҚР БҒМ ҒҚ «Зоология институты», Алматы, Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-8526-4296
  • D. M. Almabek Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0003-1645-0340
  • R. E. Kaparbay ҚР БҒМ ҒҚ «Зоология институты», Алматы, Қазақстан; ҚР ЭГТРМ ОШЖДК «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ, Саты а., Қазақстан http://orcid.org/0000-0003-1054-8136
  • K. T. Abidkulova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0001-7916-4531

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v76.i3.08
        87 66

Аннотация

Мақалада флоралық ауданның Іле Күнгей Алатауының үш тұқымдасы: Ranunculaceae, Paeoniacea және Berberidaceae, екі ЕҚТА – Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (ІА МҰТП) және «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумақтарында белгіленген түрлері бойынша деректер келтіріледі. Мұнда барлығы 26 тұқымдастың 82 түрі бар, бұл Іле Күнгей Алатауы флоралық ауданының флорасының 97,6% құрайды. Оның ішінде 17 тұқымдастың 38 түрі екі аумақта да кездеседі. Ең үлкен туыс Ranunculus ішінде 26 түрі бар, олардың 10-ы екі ЕҚТА өседі. Аталған өсімдіктердің ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген, кең таралған, эндем және сирек кездесетін өсімдіктерде келтірілген. Соңғы екеуіне 7 түр жатады, олардың екеуі эндем, қалғандары сирек кездеседі. Солтүстік Тянь-Шань эндемдеріне Ranunculus dilatatus, Іле Алатауына –Anemone almaatensis жатады. Екеуі де Іле Алатау МҰТП ғана кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін түрлер – Hepatica falconeri, Gymnospermium altaicum, Adonis chrysocyathus, A. tianschanicus және Berberis iliensis.  Олардың ішінде екі аумақта да болу тек Adonis chrysocyathus және A. tianschanicus арқылы расталады. «Көлсай Көлдері» МҰТП Gymnospermium altaicum болуы дәлелдемелерді талап етеді. Ranunculaceae, Paeoniacea және Berberidaceae тұқымдасының аталған түрлерінің көпшілігі әртүрлі пайдалы қасиеттерге ие – сәндік, дәрілік, кейбіреулері улы, арамшөптер бар, олардың саны мал жаю кезінде күрт артады, мысалы, Aconitum leucostomum арнайы формацияны құрайды. Тіршілік формаларында шөпті көпжылдықтар басым, экологиялық-ценотикалық топтарда – шабындық, орман-шабындық және орман элементтері, бұл бореальды шыққан Ranunculaceae тұқымдасына түсінікті.

Түйін сөздер: эндемдер, сирек, арамшөп түрлері, Іле Алатауы, Күнгей Алатауы.

Жүктелулер

Как цитировать

Ivashchenko, A. A., Almabek, D. M., Kaparbay, R. E., & Abidkulova, K. T. (2023). СОЛТҮСТІК ТЯНЬ-ШАНЬ ҰЛТТЫҚ ПАРКТАРЫНДАҒЫ RANUNCULACEAE ЖӘНЕ ОНЫМЕН ТУЫС ТҰҚЫМДАСТАРДЫҢ (PAEONIACEAE, BERBERIDACEAE) ГЕНОФОНДЫН САҚТАУ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 76(3). https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v76.i3.08

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ