ТАБИҒИ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ АСЫ ҮСТІРТІНДЕГІ ТАУЛЫ ЖАЙЫЛЫМДАРҒА ДИГРЕССИЯЛЫҚ ӘСЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v78.i1.01

Аннотация

 

Зерттеуде Асы өзені (Солтүстік Тянь-Шань) алқабында орналасқан  ірі  жайылымдарының бірі - Іле Алатауды пайдалану ерекшеліктері қарастырылады. Таулы үстіртте 2200-2800 м биіктікте орналасқан жайылым өзіне тән ландшафтымен және биологиялық әртүрлілігімен, жоғары өнімді өсімдіктер қауымдастығымен ерекшеленеді. 1990 жылдардың екінші жартысында Асы алқабындағы өсімдіктер қауымдастығының жағдайы зерттелді. Табиғи жайылымдар әлеуметтік-экономикалық қақтығыстарға байланысты іс жүзінде қолданылмады, бұл өз кезегінде шөпті фитоценоздардың айқын демутациялық-қалпына келтіру процестерін қамтамасыз етті. Бұл қалпына келтіру процестері қолайсыз климаттық өзгерістер жағдайында болды:  жауын-шашын азайып, жылы мезгілдерде ауа температурасы көтерілді. Келесі далалық жұмыстар 2012-2022 жж., мерзіміне тиесілі. Бұл кезде Асы өзені алқабының экожүйесі малдардың шектен тыс жайылымы, туристер мен браконьерлердің қысымы түрінде күшті антропогендік әсерге ие болды. Өз кезегінде, малшылардың көпшілігі жайылымдық жерлердің айқын деградациясын ескермей, мал басын өсіру үшін жайылымдардың тұрақты пайдалану қағидасын бұзды. Бұндай жағдайда өсімдіктерді жақсарту және фиторемедиациялау жұмыстарын ұйымдастыру мүмкін емес. Осы орайда жоғары өнімді альпілік жайылымдарды мұқият ойластырып, қолдану және жайылатын мал сандарын қатаң бақылау қажет екені сөзсіз. Экономиялық және экологиялық компоненттер арасындағы  тепе-теңдікті ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Өңірдің жайылымдық экожүйелерін бақылау, қалпына келтіру және тұрақты пайдаланудың әртүрлі жүйелерін пайдалану бойынша ұсыныстар беріледі.

Кілт сөздер: экожүйелік қызметтер, таулы жайылымдар, Іле Алатауы, малдың шамадан тыс жайылуы, өсімдік ресурстарының деградациясы және қалпына келтірілуі, мониторинг және фиторемедиация, жайылымдарды тұрақты пайдалану

Авторлардың биографисы

Маргулан Икласов, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD докторант, Кафедры биоразнообразия и биоресурсов

Сабир Нуртазин, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Доктор Биологических Наук, Профессор кафедры биоразнообразия и биоресурсов

Ислам Галымжанов, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD докторант, Кафедра биоразнообразия и биоресурсов

Сандугаш Манкибаева, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Заместитель заведующего кафедрой биоразнообразия и биоресурсов по учебной, методической и воспитательной работе. Старший преподаватель

Айжан Асылбекова, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Заведующая кафедрой Картографии и геоинформатики, Доцент

Жүктелулер

Жарияланды

2024-03-29

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ