ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТЕХНОГЕНДІК ҚАЛДЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУГЕ -БАҒАЛЫ ШИКІЗАТ

Авторлар

  • Акмарал Батырханова М. Әуезов атындағы «Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ, Шымкент қ., Қазақстан, https://orcid.org/0000-0003-3294-4500
  • Разия Исаева М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3752-9103
  • Бакытжан Сарсенбаев М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-6306-2562
  • Гаухар Сауганова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-6025-6540
  • Айсулу Абдуова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5389-6953

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v80.i3-03
        32 16

Аннотация

Замануи өнеркәсіптік өндірістің өсуі, әсіресе Қазақстанның түсті металлургиясында пайда болатын қалдықтар көлемінің және оларды жинауға, шоғырландыруға, көмуге, кәдеге жаратуға, немесе залалсыздандыруға жұмсалатын шығындардың ұлғаюына әкеп соғады. Металлургиялық өндіріс жүйесі қоршаған ортамен белсенді әрекеттесетін технологиялық өзекті мәселерге негізделген. Қолданыстағы технологиялық өзекті мәселелердің негізгі бөлігі бір жағынан шикізат пен энергияны тұтынатын, екінші жағынан дайын өнімдер мен қалдықтарды шығаратын ашық жүйелер қағидаты бойынша құрылған. Өндірістің қазіргі деңгейін ескере отырып, технологиялық өзекті мәселерді жетілдіруге байланысты өндірістік қалдықтарды айтарлықтай азайту үшін, әлі де уақыт кезеңі қажет. Осы уақытта өндірістік және басқа аумақтарда жинақталған қалдықтар топырақты, ауаны және су көздерін қарқынды ластауды жалғастыруда.

Жұмыстың мақсаты: өнеркәсіптің техногендік қалдықтарын жою немесе кәдеге жарату және олардың негізіндегі композициялық цементтер өндірісінің технологиялық негіздерін әзірлеу. Композициялық цемент өндірісінде «карбонатты-барий қалдықтары», фосфор және домна қожыларын пайдалану, бір жағынан, аймақтың экологиялық жағдайын жақсартады, ал екінші жағынан, болашақ ұрпақ үшін табиғи ресурстардың, әсіресе қалпына келмейтін қорлардың қорын үнемдеуге және өзін - өзі дамытатын табиғи ландшафттардың жойылуын болдырмауға мүмкіндік береді. Жұмыс барысында зерттеу тәжірибесінде стандартты және жалпы қабылданған зерттеу әдістері орындалды: химиялық және минералогиялық әдістері, растрлық электронды микроскопиялық талдау, физика-механикалық сынақтар.

Түйін сөздер: Карбонатты-барий қалдықтарын жою, техногендік қалдықтар, ресурс үнемдеу, энергия үнемдеу, фосфор және домна қожылары, экологиялық залал, композициялық азклинкерлі ұсақ ұнтақталған цемент.

Авторлардың биографисы

Акмарал Батырханова , М. Әуезов атындағы «Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ, Шымкент қ., Қазақстан,

Батырханова Акмарал Батырханқызы - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Экология» кафедрасының PhD докторанты (Шымкент, Қазақстан, е-mail:aisulu.abduova@mail.ru)

Разия Исаева, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

Исаева Разия Адильбековна - техника ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің  «Экология» кафедрасының профессоры (Шымкент, Қазақстан, е-mail:razia_68@mail.ru)

Бакытжан Сарсенбаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

Сарсенбаев Бакытжан Кудайбергенович - техника ғылымдарының докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Құрылыс материалдары,құрылыс және сәулет» ғылыми зерттеу зертханасының меңгерушісі, профессор  (Шымкент, Қазақстан, е-mail:stroitelstvo_ukgu@mail.ru)

Гаухар Сауганова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

Сауганова Гаухар Рамзеевна - магистр, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Құрылыс материалдары,құрылыс және сәулет» ғылыми зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері (Шымкент, Қазақстан, е-mail:stroitelstvo_ukgu@mail.ru) 

Айсулу Абдуова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

Абдуова Айсулу Алшынбековна (корреспондент-автор) - техника ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің  «Экология» кафедрасының меңгерушісі (Шымкент, Қазақстан, е-mail: aisulu.abduova@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Батырханова , А. ., Исаева, Р. ., Сарсенбаев, Б., Сауганова, . Г. ., & Абдуова, А. (2024). ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТЕХНОГЕНДІК ҚАЛДЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУГЕ -БАҒАЛЫ ШИКІЗАТ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 80(3). https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v80.i3-03

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БИОТАҒА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ