Зооноздық потенциалы бар жарқанаттар вирустары
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v80.i3-013Аннотация
Соңғы онжылдықтарда жарқанат вирусын зерттеу тек ғылыми қызығушылықтан ғана емес, сонымен қатар коронавирустық инфекция сияқты жаһандық пандемия контекстіндегі шұғыл өзектіліктен туындады. Мұндай инфекцияларды тудыратын көптеген қоздырғыштар жарғанаттармен байланысты, көбінесе соңғысы аурудың бастапқы көзі ретінде де, олардың тасымалдаушысы ретінде де қызмет етеді. Жарқанаттар әртүрлі вирустардың тасымалдаушылары мен таратқыштары ретінде, әсіресе олардың адам денсаулығына әсер ету контекстінде маңызды биологиялық зерттеулерге қызығушылық тудырады. Бұл мақалада әлемдік масштабта жарқанаттармен байланысты ең көп таралған вирустар туралы ақпаратты жүйелеуге тырысады. Сонымен қатар, осы микроорганизмдермен байланысты аурулардың ірі өршуіне талдау жасалады.
Бұл шолу жарқанаттармен байланысты әртүрлі вирустар туралы мәліметтерді жүйелеп қана қоймайды, сонымен қатар вирустық вспеттерді тиімді бақылау және алдын алу үшін осы саладағы қосымша зерттеулердің өзектілігін көрсетеді. Осы мақалада көтерілген маңызды мәселелердің бірі - Қазақстанда жарқанаттар арқылы таралатын вирустарды зерттеудің ғана емес, жүйелі мониторинг жүргізудің өзектілігі болып табылады. Осылайша, бұл мақала жарғанат вирусын зерттеудің маңыздылығын түсінуді кеңейтуге арналған.