ЕРТІС БАССЕЙНІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БӨЛІГІНІҢ ТЕРИОФАУНАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v80.i3-08Аннотация
Териофаунаға шолу дайындау аясында әдеби деректерге талдау жүргізіліп, Ертіс өзені бассейнінің сүтқоректілерінің зерттелу дәрежесіне баға берілді. Жұмыстың мақсаты Ертіс сүтқоректілерінің тізімін жасау, алуантүрлілігін талдау және антропогендік және табиғи факторлардың фауна жағдайына әсерін бағалау болды. Зерттеу әдістемесі екі модельдік ауданды – Қара Ертіс және Павлодарлық Ертіс өңіріндегі далалық бақылауларды қамтыды. Түрлердің тізімі дайындалып, зерттеу аймағының териофаунасына сипаттама берілді. Екі учаскеде 6 отряд пен 19 тұқымдастан тұратын сүтқоректілердің 87 түрі мекендейді, олардың бес түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Зерттелген аумақтар үшін Жаккар ұқсастық индексі 0,62 құрады. Мұнда жеті бөтен түр бар, оның ішінде үш түрі – жолбарыс (Panthera tigris), қызыл қасқыр (Cuon alpinus) және ақбөкен (Saiga tatarica) Ертіс фаунасынан жоғалып кетті; еуропалық құндыз (Castor fiber) өзінің тарихи ауданын қалпына келтіруді жалғастыруда. Зерттеу жоғары ғылыми және практикалық маңыздылыққа ие, осы аймақтың биоалуантүрлілігінің жай-күйін және климаттың өзгеруі мен антропогендік белсенділік жағдайында сүтқоректілерді сақтау және тұрақты пайдалану шараларын әзірлеу қажеттілігін түсінуге ықпал етеді.
Кілтсөздер: териофауна, алуантүрлілік, Қара Eртіс, Павлодарлық Ертіс өңірі, Қазақстан Республикасы