Аралқұм ауылындағы жылжымалы құмдарды бекіту бойынша тәжірибе

Авторлар

  • Z.Zh. Alimbetova; L.A. Dimeyeva; G.K. Satekeyev; 1 - «Барсакелмес» МТҚ ОШЖДК ЭГТРМ, Қазақстан, Арал қ; 2 -«Ботаника және фитожерсіндіру институты» РМК ОШЖДК ЭГТРМ, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v62.i1.05

Аңдатпа

Мақалада мал айдайтын жол арқылы екі телімге бөлінген және де айналасында металды
қоршаулар орнатылған ауданы 2 га аумақтағы жылжымалы құмдарды желдетуден қорғауға
арналған механикалық құрылғыны пайдалана отырып, фитомелиорация әдісімен бекіту ісшаралары бойынша нәтижелер келтірілген. Фитомелиорациялауға жергілікті флораның өсімдік
түрлері пайдаланылды: қара сексеуіл, жүзгін, түйесіңір, теріскен, изең. Бірінші вегетациялық
кезеңнің соңындағы көшеттер мониторингісінің нәтижелері көшеттердің жерсінуі аумақтардың
геоморфологиялық жағдайларына тәуелді өзгеріп отыратынын көрсетті: сексеуіл үшін 32 және
60 % аралығында, жүзгін үшін 24-40 %. Ақтікен жерсінбеді. Сексеуіл екпе көшеттерінің жерсінуі
22 %, теріскен – 9 %, изең – 17 % болды. Көшеттер мониторингісінің үшінші жылғы зерттеу
нәтижелері плантацияда сексеуіл көшеттерінің 35-53 %, жүзгін көшеттерінің 24-36 %, теріскен
екпе көшеттерінің 59 %, сексеуіл екпе көшеттерінің 16 % және де изеңнің 5 %-дан төмені
сақталғанын көрсетті. Жүзгінді еккеннен кейінгі үшінші жылда көктей бастады, ал теріскен
үшінші жылы ғана өздігінен өне бастады. Телімдердің бірі үнемі малдар тарапынан бұзылуға
ұшырап отырады, ол өз кезегінде көшеттердің деградациясына, тұқым арқылы жаңарудың
қысқаруына және де құмдарды бекіту қызметінің төмендеуіне алып келеді. Алынған тәжірибе
негізінде Аралқұм ауылында және Арал өңіріндегі басқа да жылжымалы құмдар ошақтарында
жаңа телімдер орнату үшін қолдануға болатын ұсынымдар жасалынды.
Түйін сөздер: Аралқұм, фитомелиорация, шөл өсімдіктері, сексеуіл, жерсіну

Жүктеулер

Жарияланды

2020-03-26

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ