SMUT FUNGI OF ZAILIYSKY ALATAU: SPECIES COMPOSITION, HOST RANGE AND DISTRIBUTION FEATURES

  • G. Sypabekkyzy; Y.V. Rakhimova; B.D. Yermekova; L.A. Kyzmetova; A.M. Assylbek; Institute of Botany and Phytointroduction, Kazakhstan, Almaty

Abstract

Іле Алатауының қаракүйе саңырауқұлақтары астық тұқымдас өсімдіктерінің паразиттеріретінде экономикалық маңыздылығына қарамастан толық зерттелмеген. Сондықтан жұмыстыңмақсаты Іле Алатауының қаракүйе саңырауқұлақтарының түрлік құрамын, олардың иелікөсімдіктерін және биіктік белдеулер бойынша таралуын анықтау болды. Жұмыстың ғылыми жәнепрактикалық маңыздылығы үшін Іле Алатауының қаракүйе саңырауқұлақтарының жаңа түрлерінтабу, олардың анықталған жері мен таралуы туралы мәліметтер алу болып табылады. Мақалаүшін материал – зерттеу аймағындағы авторлардың жеке жинақтарынан алынды. Препараттардыдайындау стандартты әдістеме бойынша жүзеге асырылды. Үлгілер Polyvar фотомикроскобындаинтерференциялық Номарский оптикасы көмегімен суретке түсіріліп зерттелді. Мақалада ІлеАлатауы аумағында кездесетін (негізгі жотасы, Шу-Іле таулары, Сөгеті, Бөгеті, Торайғыр) қаракүйесаңырауқұлақтарының қазіргі жүйеге сәйкес екі класына жататын 75 түрінің тізімі келтірілген.Ең кең таралған түрлері Entyloma (18 түр), Ustilago (15 түр) және Urocystis (11 түр). Қаракүйесаңырауқұлақтарының (50 түрі) алуан түрлілігі Іле Алатауының негізгі жотасына тән, Шу-Ілетауларында 27 түр, Сөгеті мен Торайғырда 4 түр, Бөгетіде 3 түр табылды. Cynodon dactylonөсімдігіндегі Ustilago synodontis түрі және Carex туысында кездесетін Anthracoidea туысы түрлерізерттеу аймағы бойынша кең таралған. Іле Алатауының негізгі жотасы мен Шу-Іле тауларындағықаракүйе саңырауқұлақтарының алуантүрлілігі осы массивтердің едәуір аумағымен және табиғижағдайларының әртүрлілігімен тығыз байланысты. Қаракүйе саңырауқұлақтары иелік өсімдіктердің 15 тұқымдас, 81 түрінде тіркелген. Қаракүйе саңырауқұлақтарының көпшілігі астық тұқымдасөсімдіктерін (33 түр) және Asteraceae (8 түрі) және Ranunculaceae (6 түрі) тұқымдастарыныңөкілдерін зақымдайды. Қаракүйе саңырауқұлақтарының 44 түрі даражарнақты өсімдіктерге тән.Қаракүйе саңырауқұлақтары түрлерінің ең көп саны шөлейттенген эфемероидты-жусанды-қаулы(31түр) және нағыз алуантүрлі шөптесінді-бетегелі-қаулы далаларда (25 түр) байқалады. Жалпыдала микобиотасында қаракүйе саңырауқұлақтарының 54 түрі тіркелген. Субнивалды өсімдікжабынында тек 2 түрі ғана кездесті. Жүргізілген зерттеулердің құндылығы мен практикалықмаңызы Іле Алатауы жағдайында қаракүйе саңырауқұлақтарының табылған жаңа түрлері,олардың анықталған жері мен таралу ерекшеліктері туралы мәліметтерге негізделеді.Түйін сөздер: жарық микроскопиясы, қаракүйе саңырауқұлақтары, микобиота, өсімдік-иесі,спора.
Published
2020-03-26
How to Cite
A.M. ASSYLBEK;, G. Sypabekkyzy; Y.V. Rakhimova; B.D. Yermekova; L.A. Kyzmetova;. SMUT FUNGI OF ZAILIYSKY ALATAU: SPECIES COMPOSITION, HOST RANGE AND DISTRIBUTION FEATURES. Eurasian Journal of Ecology, [S.l.], v. 62, n. 1, p. 87-98, mar. 2020. ISSN 2617-7358. Available at: <https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/1026>. Date accessed: 28 may 2020.
Section
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОХРАНЕНИЯ БИОЛОГИЧЕСКОГО РАЗНООБРАЗИЯ