SMUT FUNGI OF ZAILIYSKY ALATAU: SPECIES COMPOSITION, HOST RANGE AND DISTRIBUTION FEATURES

Authors

  • G. Sypabekkyzy; Y.V. Rakhimova; B.D. Yermekova; L.A. Kyzmetova; A.M. Assylbek; Institute of Botany and Phytointroduction, Kazakhstan, Almaty

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v62.i1.09
        97 0

Abstract

Іле Алатауының қаракүйе саңырауқұлақтары астық тұқымдас өсімдіктерінің паразиттері
ретінде экономикалық маңыздылығына қарамастан толық зерттелмеген. Сондықтан жұмыстың
мақсаты Іле Алатауының қаракүйе саңырауқұлақтарының түрлік құрамын, олардың иелік
өсімдіктерін және биіктік белдеулер бойынша таралуын анықтау болды. Жұмыстың ғылыми және
практикалық маңыздылығы үшін Іле Алатауының қаракүйе саңырауқұлақтарының жаңа түрлерін
табу, олардың анықталған жері мен таралуы туралы мәліметтер алу болып табылады. Мақала
үшін материал – зерттеу аймағындағы авторлардың жеке жинақтарынан алынды. Препараттарды
дайындау стандартты әдістеме бойынша жүзеге асырылды. Үлгілер Polyvar фотомикроскобында
интерференциялық Номарский оптикасы көмегімен суретке түсіріліп зерттелді. Мақалада Іле
Алатауы аумағында кездесетін (негізгі жотасы, Шу-Іле таулары, Сөгеті, Бөгеті, Торайғыр) қаракүйе
саңырауқұлақтарының қазіргі жүйеге сәйкес екі класына жататын 75 түрінің тізімі келтірілген.
Ең кең таралған түрлері Entyloma (18 түр), Ustilago (15 түр) және Urocystis (11 түр). Қаракүйе
саңырауқұлақтарының (50 түрі) алуан түрлілігі Іле Алатауының негізгі жотасына тән, Шу-Іле
тауларында 27 түр, Сөгеті мен Торайғырда 4 түр, Бөгетіде 3 түр табылды. Cynodon dactylon
өсімдігіндегі Ustilago synodontis түрі және Carex туысында кездесетін Anthracoidea туысы түрлері
зерттеу аймағы бойынша кең таралған. Іле Алатауының негізгі жотасы мен Шу-Іле тауларындағы
қаракүйе саңырауқұлақтарының алуантүрлілігі осы массивтердің едәуір аумағымен және табиғи
жағдайларының әртүрлілігімен тығыз байланысты. Қаракүйе саңырауқұлақтары иелік өсімдіктердің
15 тұқымдас, 81 түрінде тіркелген. Қаракүйе саңырауқұлақтарының көпшілігі астық тұқымдас
өсімдіктерін (33 түр) және Asteraceae (8 түрі) және Ranunculaceae (6 түрі) тұқымдастарының
өкілдерін зақымдайды. Қаракүйе саңырауқұлақтарының 44 түрі даражарнақты өсімдіктерге тән.
Қаракүйе саңырауқұлақтары түрлерінің ең көп саны шөлейттенген эфемероидты-жусанды-қаулы
(31түр) және нағыз алуантүрлі шөптесінді-бетегелі-қаулы далаларда (25 түр) байқалады. Жалпы
дала микобиотасында қаракүйе саңырауқұлақтарының 54 түрі тіркелген. Субнивалды өсімдік
жабынында тек 2 түрі ғана кездесті. Жүргізілген зерттеулердің құндылығы мен практикалық
маңызы Іле Алатауы жағдайында қаракүйе саңырауқұлақтарының табылған жаңа түрлері,
олардың анықталған жері мен таралу ерекшеліктері туралы мәліметтерге негізделеді.
Түйін сөздер: жарық микроскопиясы, қаракүйе саңырауқұлақтары, микобиота, өсімдік-иесі,
спора.

Downloads

How to Cite

A.M. Assylbek;, G. S. Y. R. B. Y. L. K. (2020). SMUT FUNGI OF ZAILIYSKY ALATAU: SPECIES COMPOSITION, HOST RANGE AND DISTRIBUTION FEATURES. Eurasian Journal of Ecology, 62(1), 87–98. https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v62.i1.09

Issue

Section

CURRENT PROBLEMS OF CONSERVATION OF BIOLOGICAL DIVERSITY