Алматы облысының өсімдіктерін экологиялық талдау (Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары бойынша)
DOI:
10.26577/EJE.2019.v58.i1.09Аңдатпа
Берілген мақалада Алматы облысында (Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары бойынша)
жүргізілген өсімдіктерінің экологиялық анализінің зерттеу нәтижелері көрсетілген. Өсімдіктер
– биотаның осал компоненті, өйткені олар трофикалық тізбектің бастапқы буыны болып
табылады және субстратқа бекітілуі салдарынан әртүрлі ластаушы заттарды сіңіруде негізгі
рөл атқарады. Өсімдіктер әртүрлі факторлар кешенінің әсерінен өсіп, дамиды. Өсімдіктердің
табиғи қоныстануы нақты өңірдің биоәртүрлілігінің жай-күйі туралы айтуға болатын өсімдік
қоғамдастықтарының пайда болуына әкеп соғады. Осыған байланысты кез келген аймақтың
флорасын инвентаризациялау және талдау әрдайым өзекті болды және болады. Қазіргі заманның
жаһандық міндеттерінің бірі биологиялық алуантүрліліктің проблемаларды зерттеу және оны
сақтау болып табылады. Жұмыстың мақсаты – Алматы облысының флорасына экологиялық
талдау жасау (Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары). Флораны зерттеу кезінде дәстүрлі далалық
геоботаникалық зерттеу әдістері пайдаланылды. Алматы облысындағы өсімдіктердің тіршілік
түрлері бойынша таралуында көпжылдықтар (1009 түр немесе 65,5%), біржылдықтар (266 түр
немесе 17,3%) және бұталар (101 түр немесе 6,5%) басым болғанын көрсетті. Зерттелінген
түрлердің аз бөлігі екіжылдықтарға (80 түр немесе 5,2%), ағаштарға (46 түр немесе 3%) және
жартылай бұталарға (17 түр немесе 1,1%), өте аз мөлшерде бұташалар (9 түр немесе 0,6%),
жартылай бұташалар (8 түр немесе 0,5%), лианалар (4 түр немесе 0,2%) және 1 түр жалпы
мөлшердің 0,01% ағашқа жатады. Топырақтың ылғалдылығына байланысты Алматы облысының
(Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары) флорасының басым бөлігін мезоксерофиттер (770 түр
немесе 49,9 %), ксерофиттер (309 түр немесе 20,05 %), мезофиттер (278 түр немесе 18,04 %),
ксеромезофиттер (154 түр немесе 9,9 %) құрайды. Аймақтың аз бөлігі гигромезофиттермен (16
түр немесе 1,03 %), мезогигрофиттерден (14 түр немесе 0,9 %) тұрады.
Түйін сөздер: Алматы облысы, экологиялық анализ, тіршілік формалары, экологиялық топтар.








