Әртүрлі табиғи субстраттардан жоғары мақсатты белсенділікке ие ашытқы дақылдарын бөліп алу
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v66.i1.01Аннотация
Қазіргі таңда мал шаруашылығында өзекті мәселелердің бірі жемдік азық өндірісінде жемдік белоктың жетіспеушілігі. Заманауи тағам өнеркәсібіндегі басты бағыттардың бірі - мал шаруашылығы жануарлар үшін белокпен байытылған жемдік азық-түлік өнімдері мен жемдік қоспаларды өндіру болып табылады. Мал шаруашылығында жануарлар және құстардың қоректенуіне арналған азық болмаған жағдайда, белок көзі ретінде микробтық биомассаға ерекше назар аударылады. Микробтық биомасса өндірісі жануарлардың қоректенуіндегі белок жетіспеушілігін жоюдың бірден бір жолы ретінде қарастырылады. Ауыл шаруашылық өндірісінің қалдықтарын микробтық белокпен байыту қайта өңдеу технологияларын жүзеге асыру кезінде туындайтын экологиялық мәселелерді, сонымен қатар жемдік өнімдерді алу үшін шикізат қорын кеңейтуге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының мақсаты – мал шаруашылығы үшін тиімді жемдік белок алу мақсатында әртүрлі табиғи субстраттардан және коллекциялық дақылдардан мақсатты белсенділігі жоғары ашытқы дақылдарын бөліп алу. Жұмыста 6 ашытқы штамы қолданылды, оның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолданбалы микробиология зертханасы қорынан Rhodotorula glutinis var glutinis R12, Torulopsis kefyr var.kumis T-17, Candida inconspicua TD-6 3 ашытқы штамдары таңдалды. Сүт өнімдері мен өсімдік субстраттарынан 3 ашытқы штамы бөлініп алынды. Бұл штамдар ауылшаруашылық жануарларына толыққанды жемдік белок алу үшін перспективті штамдар болып табылады. Кілтті cөздep: сүт сарысуы, микpoбтық aлуaнтүpлілік, жемдік белок, ашытқылар, табиғи субстраттар.