СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АУЫЗ СУЛАРЫНЫҢ ТҰЗДЫ ШӨГІНДІЛЕРІНІҢ ЭЛЕМЕНТТІК ҚҰРАМЫ (АҚМОЛА ЖӘНЕ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫ МЫСАЛЫНДА)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v66.i1.03Аннотация
Жұмыстың өзектілігі су сапасының көрсеткіші ретінде ауыз су қағын қолдану мүмкіндігімен байланысты. Томск политехникалық университетінің сертификатталған зертханасында инструменталды нейтронды активациялау анализі әдісімен алынған Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыз суларының тұзды шөгінділерін (қақ) зерттеу нәтижелері ұсынылған. Анықталған химиялық элементтердің құрамының саны 28: Na, Ca, Sc, Cr, Fe, Co, Zn, As, Br, Rb, Sr, Ag, Sb, Cs, Ba, La, Ce, Nd, Sm, Eu, Tb, Yb, Lu, Hf, Ta, Au, Th, U. Талдау нәтижелері бойынша Солтүстік Қазақстанның қағындағы химиялық элементтер құрамының статистикалық параметрлері есептелді. Ақмола облысы бойынша орташа мәнге қатысты қақтың құрамы бойынша деректер келтірілген, олар скандий, күшән, күміс, сүрме, цезий, барий, неодим, самарий, тербий, иттербий және лютеций элементтерінің жинақталуын көрсетті, ал Солтүстік Қазақстан облысы үшін натрий, хром, лантан және уран. Геохимиялық қатарлар салынды және зерттелетін территорияларда шоғырлану коэффициенті бойынша мынадай ерекше элементтер анықталды: Sc, Fe, Co, Ag, Cs, Hf, Ta, Th, Nd, Sm, Sr, Sb. Солтүстік Қазақстанның ауыз суларының тұзды шөгінділерінде осы элементтердің болуын территорияның геологиялық құрылымының ерекшеліктерімен және антропогендік жүктемемен түсіндіруге болады.
Түйінді сөздер: Химиялық элементтер, индикатор, тұзды шөгінділер, қақ, инструменталды нейтронды активациялау анализі, Солтүстік Қазақстан.