Оңтүстік Қазақстан территориясын экологиялық-геохимиялық бағалау (Түркістан және Қызылорда облыстары мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v67.i2.03Аннотация
Табиғи және антропогендік фактордың әсерінен элементтік құрамның түзілу ерекшеліктерін анықтау үшін біз Түркістан және Қызылорда облыстарының аумағында тұратын 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің шаштарының химиялық құрамына зерттеу жүргіздік. Зерттеу объектісі ретінде шаш алынды, себебі ол құрылымында химиялық элементтер жоғары концентрацияда жиналатын шөгінді орта болып табылады. Элементтік құрамы сертификатталған зертханада нейтрондарды активтендіру инструменталды анализі көмегімен анықталды. Зерттеу нәтижесінде Түркістан облысы үшін іріктеме бойынша орташа көрсеткішке қатысты мынадай индикаторлық элементтер анықталды: кальций, хром, кобальт, рубидий, стронций, күміс, барий, лантан, неодим, самарий, европий, гафний, торий. Қызылорда облысы үшін – скандий, бром, рубидий, стронций, церий, алтын. Биосубстраттардағы (шаштағы) элементтердің жинақталуын басқа бұрын жүргізілген зерттеулермен салыстырмалы түрде бағалау кезінде Оңтүстік Қазақстан аумағы үшін келесі ерекше элементтерді анықтады – церий, еуропий, скандий. Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының шашында жоғарыда аталған элементтердің болуын аймақтың техногендік жүктемесімен де, геологиялық құрамымен де түсіндіруге болады.
Түйін сөздер: элементтік құрам, биоаккумуляция, инструменталды нейтронды активациялау анализі, биоиндикация, техногендік әсер, урбанизацияланған территориялар.