Қазақстан Республикасының күріш алқаптарының топырағынан цианобактериялар дақылдарын іздеу және бөліп алу
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v67.i2.04Аннотация
Қазақстан Республикасының Алматы және Қызылорда облыстары аумағында орналасқан екі күріш алқабының альгофлорасының биоалуантүрлілігі зерттелінді. Зерттеу объектілері Балқаш ауданындағы Бірлік ауылы және Қызылорда облысындағы Қараауылтөбе ғылыми-өндірістік аймағындағы алқаптар болды. Бірлік ауылындағы топырақ альгофлорасы алғаш рет зерттелінді. Жұмыстың мақсаты ауылшаруашылық дақылдарының өсуіне байланысты антропогендік әсерге ұшыраған топырақтардың альгофлорасын зерттеу және цианобактериялар дақылдарын айқындап бөліп алу. Жоғарыда аталған объектілердің ауыл шаруашылығы үшін, сонымен қатар осы аудандардың тұрғындары үшін экономикалық маңызы мол болғандықтан, осы объектілердің топырағының биологиялық құрамын бағалау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Зерттелген объектілердегі күріш алқаптары топырағының альгологиялық құрамын талдау барысында цианобактериялардың алуан түрлілігі анықталды. Топырақтағы ең үлкен сандық және сапалық құрамы жағынан бір клеткалы, колониялық және жіп тәрізді формалы цианобактериялар басым болды. Жүргізілген зерттеудің ғылыми маңыздылығы осы объектілердің цианобактерияларының биоалуантүрлілігін зерттеу болып табылады. Зерттеулердің практикалық маңыздылығы жүргізілген талдаулар мен тәжірибелердің нәтижелері экологиялық жағдайды болжауда пайдаланылуы мүмкін, сондай-ақ қоршаған орта объектілерін сақтау және олардың біркелкі жұмыс істеуі жөнінде ұсынымдар жасау кезінде қажет болуы мүмкін екендігі белгіленеді. Алматы және Қызылорда облыстарының күріш алқаптарының топырағынан алынған сынамалардан альгологиялық таза дақылдар алу жөніндегі жұмыстардың нәтижелері бойынша цианобактериялардың мынадай альгологиялық дақылдары бөлінді: Oscillitoria subbreris, Oscillitoria pseudogeminate, Osillitoria geitleriana, Phormidium purpurascens.
Түйін сөздер: күріш алқаптарының альгофлорасы, цианобактериялар, альгологиялық таза дақылдар.