Қазақстандағы жұмсақ бидайдың ұялы ассоциативті карталанатын (NAM) популяцияларының агрономиялық көрсеткіштері

Авторлар

  • A Y Amalova Өсімдіктер биологияся және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-7903-3467
  • Y T Turuspekov Өсімдіктер биологияся және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-8590-1745

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v67.i2.06
        67 0

Аннотация

Зерттеу жұмысында Ұлыбританиядан алынған ұялы ассоциативті карталау популяцияларының (NAM) 326 рекомбинантты инбредтік линиялары (РИЛ) зерттелді. РИЛ популяциясы 24 тұқымдастан тұрды, олардың ортақ ата-анасы Ұлыбританияның жаздық бидайының стандартты сорттарының бірі «Paragon» болып табылады. Барлық 326 РИЛ 2019 және 2020 жылдары Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ (Қазақстанның оңтүстік-шығысы) тәжірибелік алқаптарында сынақтан өтті. Зерттелген белгілер екі топқа бөлінеді: өсімдіктердің бейімделуіне байланысты белгілер (гүлдену уақыты, тұқымның пісетін уақыты, өсімдіктің биіктігі) және өнімділік компоненттері (өнімді масақ саны, масақтың ұзындығы, бір масақтағы дән саны (NKS), бір масақтағы дән салмағы, бір өсімдіктегі дән салмағы, 1000 дән салмағы (TKW), м 2 өнімділігі (YМ2). Пирсонның корреляция индексі м 2 өнімділігімен байланысты белгілер арасында оң корреляцияны көрсетті. Негізгі компоненттерді талдау PC1 (51,3 %) және PC2 (23,1%) көмегімен 326 РИЛ-дің бөлінуін визуализациялауға мүмкіндік берді. Сонымен бірге  TKW  және  NKS  белгілерінің графикте әр түрлі бағыттары бар екендігі анықталды. Бұл бөліну  NKS  мен  TKW  арасындағы теріс корреляциямен байланысты. NAM популяциясының 31 РИЛ Қазақстанның 4 бақылау сортынан асып түсті, сондай-ақ алты РИЛ (NAM-88, NAM-129, NAM-183, NAM-295, NAM-300, NAM-326) екі жылдағы өнімділік бойынша ең жақсы орташа мәндерді көрсетті. Дисперсиялық талдау Қазақстан жағдайында NAM популяциясындағы зерттелетін белгілер үшін генотип × орта өзара әрекеттесуінің әсерін көрсетті. Алынған нәтижелер селекциялық бағдарламаларда бидайдың бейімделуіне және өнімділігіне байланысты қосымша зерттеулер үшін, сондай-ақ жұмсақ бидайдың өнімділігіне байланысты белгілерді толық геномдық ассоциативті талдау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Түйін сөздер: жұмсақ бидай, экологиялық сынақтар, генотип × орта өзара әрекеттесуі, ұялы ассоциативті карталау, өнімділік компоненттері, өнімділік.

Жүктелулер

Как цитировать

Amalova, A. Y., & Turuspekov, Y. T. (2021). Қазақстандағы жұмсақ бидайдың ұялы ассоциативті карталанатын (NAM) популяцияларының агрономиялық көрсеткіштері. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 67(2), 58–67. https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v67.i2.06

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БИОТАҒА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ