Техногендік ластануға ұшыраған елді мекендерде тұратын жүкті әйелдер ұрығының хромосомалық бұзылыстары

Авторлар

  • A M Kalimagambetov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-8944-1560
  • A A Sarsenovа Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-0512-8794
  • S S Zhumagulovа Ақтөбе облыстық пренаталды орталығы, клинико-диагностикалық зертхана, Қазақстан, Ақтөбе қ. http://orcid.org/0000-0003-0109-2560
  • N A Musrepova Ақтөбе облыстық пренаталды орталығы, клинико-диагностикалық зертхана, Қазақстан, Ақтөбе қ. http://orcid.org/0000-0003-2067-3424

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v67.i2.07
        76 0

Аннотация

Қазақстанда Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысындағы экологиялық жағдай ең қолайсыз жағдайлардың бірі болып саналады. Бұл тау-кен, химия, мұнай-газ өңдеу, қара және түсті металлургия, құрылыс материалдар өндірісі кәсіпорындарының болуына байланысты. Ақтөбе қаласында және Ақтөбе облысының 8 ауданында тұратын жүкті әйелдер ұрығының хромосомалық жиынтығының спектрі мен таралу жиілігіне 2018 жылдан 2020 жылға дейін талдау жасалды. Ақтөбе облыстық пренатальды орталығының клиникалық диагностикалық зертханасында 590 жүкті әйелдің ұрықтың хромосома жиынтығына цитогенетикалық зерттеулер жүргізілді. Биологиялық материал хорион мен плацентаның биопсиясы, амниоцентез және кордоцентез бойынша алынды. Хромосома препараттарын дайындау үшін кәдімгі «тікелей» әдіс және клеткаларды өсірудің классикалық әдісі қолданылды. Метафазалық клеткалары GTG және FISH әдістерімен боялған. ISCN 2013 жүйесі бойынша хромосомалардың сандық және құрылымдық ауытқулары тіркелді. Ұрық кариотипінің ауытқулары 64 (10,9%) жағдайларда анықталды. Олардың ішінде геномдық ауытқулар 59 (10,0%) жағдайда, ал құрылымдық – 5 (8,5%) жағдайда байқалды. Геномдық ауытқулардың арасында Даун синдромының кариотипі 39 (66,1%) ұрықтарда кездесті. Жүкті әйелдердің тұру аймақтарына байланысты ұрықтың хромосомалық патологиясының жиілігінде өзгергіштік байқалды. Қара және түсті металлургияның өндірістік нысандары орналасқан Ақтөбе қаласындағы жүкті әйелдердің ұрығындағы хромосомалық ауытқулардың жиілігі 7,9% құрады. Ірі өндірістік кешендері орналаспаған Ақтөбе облысының 3 ауданындағы (39 жүкті әйелдің ұрық кариотиптері зерттелді) ұрықтың хромосомалық жиынтығындағы ауытқулардың жиілігі 12,8% құрады, ал ірі өндірістік кешендері орналасқан 5 ауданында (131 жүкті әйелдің ұрық кариотиптері зерттелген) – 19,8%, яғни 1,5 есе артуын көрсетті. Осылайша, ірі өнеркәсіптік кешендердің (тау-кен, цемент, химия, мұнай және газ өңдеу өнеркәсібі) техногендік ластануы адам клеткаларының генетикалық аппараттарының геномдық және құрылымдық бұзылыстарының пайда болуына мүмкіндік тудырады деп болжауға болады.


Түйін сөздер: пренаталды диагностика, ұрықтың кариотипы, хромосомалық бұзылыстар,
техногендік фактор.

Жүктелулер

Как цитировать

Kalimagambetov, A. M., Sarsenovа A. A., Zhumagulovа S. S., & Musrepova, N. A. (2021). Техногендік ластануға ұшыраған елді мекендерде тұратын жүкті әйелдер ұрығының хромосомалық бұзылыстары. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 67(2), 68–75. https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v67.i2.07

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БИОТАҒА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ