Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы көне тораңғылы ормандарының қазіргі жағдайын бағалау

Авторлар

  • A N Rakhimzhanov Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Щучинск қ. http://orcid.org/0000-0001-6287-8220
  • A A Ivashchenko Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Щучинск қ. http://orcid.org/0000-0002-2231-6837
  • V Yu Kirillov Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Щучинск қ. http://orcid.org/0000-0001-8056-4073
  • V P Aleka Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Щучинск қ. http://orcid.org/0000-0002-3019-8711
  • T N Stikhareva Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Щучинск қ. http://orcid.org/0000-0002-8692-6861

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v67.i2.09
        71 0

Аннотация

Орман орналастыру материалдарын талдау (01.01.2020 ж.) және авторлардың 2015-2020 жж. кезеңіндегі далалық зерттеулері негізінде Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы (Алматы облысының шегінде) көне тораңғылы ормандардың қазіргі жағдайын көрсететін мәліметтер келтірілген. Жас құрамы бойынша негізінен пісіп жетілген және көнерген ағаштардан тұратын төмен бонитетті, толымдылығы төмен сүрекдіңдердің басым екендігі анықталды. Сүрекдіңнің түрлік құрамы бойынша таза екпелер басым немесе Elaeagnus oxycarpa қоспасы аз. Тамыр аталық дарақтар түріндегі табиғи жаңару екпелерді тұрақсыз деп сипаттайтын жекелеген шағын учаскелерде ғана байқалды. Көне тораңғылы ормандар флорасының құрамында ағаштар мен бұталардың сирек кездесетін, реликті және эндемикалық түрлері белгіленген, олардың фитоценотикалық көрсеткіштері мен практикалық маңызы келтірілген. Тораңғылы сирек ормандар ерекше қорғауды қажет етеді, өйткені бұл ормандар үлкен орта түзушілік, топырақты нығайтушылық, мелиорациялық мәнге ие, яғни олар қуаң өңірлердің өзен жайылымдарындағы экологиялық жағдайды жалпы тұрақтандырады. Аймақтың тораңғылы ормандарына антропогендік әсердің негізгі факторлары көрсетілді: Іле өзенінің аңғарындағы гидрологиялық режимнің өзгеруі, рекреация (жол-соқпақ желісінің ұлғаюы, топырақтың тапталуы, алау жағу), сондай-ақ мал жаю. Осы реликті ормандарды қорғауды жақсарту бойынша ұсыныстар беріліп,
клондық микро көбейту әдістеріне негізделген жеке флористикалық элементтерді сақтау әдістеріне талдау жасалды.


Түйін сөздер: Populus pruinosa, Populus diversifolia, бонитет, жас құрамы, эндемик, реликт, молшылық, өсімдіктер қауымдастығы.

Жүктелулер

Как цитировать

Rakhimzhanov, A. N., Ivashchenko, A. A., Kirillov, V. Y., Aleka, V. P., & Stikhareva, T. N. (2021). Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы көне тораңғылы ормандарының қазіргі жағдайын бағалау. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 67(2), 85–96. https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v67.i2.09

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ