Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару: Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v67.i2.10Аннотация
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (ЕҚТА) тиімділігі оларды басқару мен жоспарлау стратегиясына айтарлықтай тәуелді. Осы зерттеуде Қазақстанның Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында табиғат пайдалануды басқарудың негізгі проблемалары қарастырылды. Бұл қиындықтарды түсіну қорықты тиімді басқаруды енгізу үшін негізгі бағалау көрсеткіштерін әзірлеу кезінде маңызды мәнге ие. Аталған мәселелерді жақсы түсіну үшін стейкхолдерлермен (жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, қорық қызметкерлері) және жергілікті тұрғындармен сұхбат жүргізілді. Содан кейін жиналған деректер кодтау арқылы талданды. Деректер сонымен қатар бірдей зерттеу әдістерін қолдана отырып, жергілікті қабылдауды көрсетті. Сұхбат алушылардың көзқарасын түсіну үшін жартылай құрылымдалған сұхбат жүргізілді. Нәтижелер қорықты тиімді басқарудың негізгі проблемалары: мүдделі тараптардың шешім қабылдау процестеріне шектеулі қатысуы және қаржылық пайданың жеткіліксіздігі болып табылатынын көрсетті. Бұдан басқа, қорыққа кірудің шектелуі кейбір адамдардың арасында теріс көзқарас қалыптастырады. Қоғамның қорық шараларына аз қатысуы оның басқару жүйесіне тұрақты даму қағидаттарын енгізуге тағы бір кедергі болып табылады. Адамдардың қорыққа деген көзқарасы мен мінез-құлқын өзгерте алатын экологиялық ағарту жұмыстарына көбірек тұрғындарды тартудың тиімді жолдарын қарастырған жөн. Бұл мәселелер ЕҚТА басқару жүйесін бағалауға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштерді анықтау және әзірлеу үшін бағыттарды/жергілікті басымдылықтарды айқындап берді.
Түйін сөздер: табиғатты пайдалануды басқару, ерекше қорғалатын табиғи аумақ, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, қоғамның қабылдауы, мүдделі тараптар.