Тарбағатай жоталарының оңтүстік сілемдеріндегі өзендердің ихтиофаунасының алуантүрлілігі (Алакөл бассейні, Қазақстан)

Авторлар

  • С Е Шарахметов

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v70.i1.10
        81 188

Аннотация

Тұщы су экожүйелері ең алуан түрлі экожүйелердің бірі болып табылады. Тарбағатай
жоталарының оңтүстік сілемдерінен Алакөл көлдер жүйесіне (Алакөл және Сасықкөл) келіп
құятын өзендердің балықтар қауымдастығы қазіргі уақытта Еміл өзенінен басқасы нашар
зерттелген. 21 ғасырдың басына дейінгі әдеби дереккөздерге талдау жасалып, өзімнің
зерттеу жұмыстарымның нәтижелері берілді. Балықтарды аулау және биологиялық талдау
жасау стандартты әдіс бойынша жүргізілді. Қарақол, Үржар және Қатынсу өзендеріндегі
көп кездесетін балық түрлерінің құрамы мен биологиялық көрсеткіштері зерттелді. Симсон
және Шеннон бойынша балықтар қауымдастығының әртүрлілік индексі есептелді. PAST 4.07
статистикалық бағдарламасын пайдалана отырып, зерттелген өзендердің ихтиофаунасының
түрлік ұқсастығына (Соренсен бойынша) кластерлік талдау жүргізілді. Алынған нәтижелерді
талдауда барлық зерттелген өзендердегі балықтардың түрлерінің азайғаны анықталып, 4-тен
9-ға дейін дейінгі түрді құрайтындығы анықталды. Жалпы үш тұқымдасқа жататын балықтардың
15 түрінің мекендейтіні белгіленсе, ал тізімнің негізгі бөлігін – тұқылар отрядының өкілдері
құрады. 2 жыл бойы жүргізілген бақылаудың нәтижесінде өзендердің ихтиофаунасының құрамы
мен балықтардың кездесу жиілігі тұрақты емес. Еміл және Қаракол өзендерінен басқасының,
ихтиофаунасының құрамы тек аборигенді түрлерден ғана тұрды.
Түйін сөздер: ихтиофауна, аборигенді, бөгде, балықтар қауымдастығы, биоалуантүрлілік.

Жүктелулер

Как цитировать

Шарахметов, С. Е. (2022). Тарбағатай жоталарының оңтүстік сілемдеріндегі өзендердің ихтиофаунасының алуантүрлілігі (Алакөл бассейні, Қазақстан). ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 70(1), 108–120. https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v70.i1.10

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ