Мия алқаптарында жер бетіндегі булану және өсімдіктердің транспирация кезінде болатын булануды бағалау: Ғалаба шаруа фермасының мысалында, Өзбекстан
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v71.i2.01Аннотация
Жердің тұздануы құрғақ шөлді елдерінде, оның ішінде Арал теңізі бассейінінде кең таралған, онда 4 миллион гектар жер тұзды, бұл үлкен экономикалық шығындарға әкеледі. Тұзды топырақты мелиорациялаудың қазіргі әдістері: топырақты терең дренаж аясында жуу және суармалы аймақтан тыс коллекторлық – дренаждар арқылы шығарып тастау. Су ресурстары тапшылығы өсуі жағдайында бұл әдіс тиімсіз болып тұр. Тұздануға қарсы қолайлы биологиялық әдіске өту қажет, бірақ бұл әдіс өкінішке орай аймақтарда кең таралмаған. Бұл зерттеуде мия тамыры тұзды топырақтың құнарлығын қалпына келтірудің ықтимал өсімдігі ретінде қарастырылады. Зерттеудің екі мақсаты бар: (1) мия алқаптарында эвапотранспирацияны бағалау және; (2) суармалы жерлерде мия тамырын өсірудің әсерінен топырақтың химиялық қасиеттерінің өзгеруін бақылау. Зерттеу нәтижелері мия алқаптарын суару жағдайында қарқынды эвапотранспирация процессін көрсетеді. Топырақ профилінде еритін тұздардың жалпы мөлшері баяу артуы мүмкін; алайда, дақылдарды өсірудің 10 жылдан астам уақытында улы тұздардың жиналуы және топырақтың химиялық және су-физикалық қасиеттерінің нашарлауы болған жоқ, сонымен бірге топырақтың жоғарғы қабатындағы қарашірік мөлшері артты.
Түйін сөздер: топырақтың тұздануы, Арал теңізі бассейні, мия тамыры, биологиялық мелиорация, топырақ құнарлылығы.