Павлодар облысының (Қазақстан Республикасы) табиғи тұщы суларындағы тұзды шөгінділерінің сирекжер элементтерін зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v74.i1.02
        116 119

Аннотация

Мақалада қоршаған ортаның табиғи және техногендік факторларының бірігіп әсер ету ықпалында болатын Павлодар облысының аумағына экологиялық-геохимиялық бағалау жүргізілген. Индикаторлық орта ретінде ауыз судың тұзды шөгінділерін пайдалану ұсынылады. Қақ үлгілерін зерттеу әдісі ретінде Томск политехникалық университетінде жүргізілген аспаптық нейтронды-белсендіру анализі алынды. Павлодар облысындағы ауыз судың тұзды шөгінділеріндегі сирекжер элементтерінің құрамы (La, Ce, Sm, Eu, Tb, Yb, Lu) және элементтердің қатынасы (La/Ce, La/Yb, La+Ce/Sm+Eu, La+Ce/Yb) +Lu) анықталды. Ауыз сулардың тұзды шөгінділерінде сирекжер элементтерінің таралуын көрсететін карта схемасы жасалды, одан олардың негізінен облыстың солтүстік бөлігінің аумағында көптеп жиналуын көреміз. Бұл элементтердің түсу көзі табиғи-техногендік генезиске ие, яғни аймақтың осы бөлігінде титан-цирконий шөгінділерінің болуына байланысты. Зерттелетін аумақта жеңіл лантаноидтердің ауыр лантаноидтерге қатынасы ауыз судың тұзды шөгінділерінде жеңіл лантаноидтердің басымдығын көрсетті, тек Баянауыл, Шарбақты, Ақтоғай аудандарының қақтарын қоспағанда.

 Сирекжер элементтері мөлшерінің радиоактивті элементтерге қатынасы қақтардың негізінен жоғары уранды екендігін көрсетті, тек Ертіс ауданындағы ауыз судың тұзды шөгінділерін қоспағанда.

Түйін сөздер: сирекжер элементтері, геохимия, қақ, Павлодар облысы, элементтердің өзара байланысы.

Жүктелулер

Как цитировать

Арынова, Ш., Омарова, Г., Корогод, Н., Чидунчи, И., Калиева, А., Курманбаев, Р., & Sharipova, B. (2023). Павлодар облысының (Қазақстан Республикасы) табиғи тұщы суларындағы тұзды шөгінділерінің сирекжер элементтерін зерттеу. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 74(1). https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v74.i1.02

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ