Тыйым салынған пестицидтердің жойылған қоймаларына жақын жерде тұратын халықтың цитогенетикалық талдауы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v74.i1.05Аннотация
Тұрғылықты адамдарды қорғау және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту үшін маңызды шешімі бар, ескірген пестицидтер қоры сақталған аймақтарда тұратын тұрғындарға пестицидтердің генотоксиділігін бағалау және олардың әсерінің биомониторингін жүргізу. Бұл зерттеудің мақсаты 10 жылдан астам уақыт бойы қолдануға тыйым салынған пестицидтермен ластанған аумақтарда тұратын Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек және Үмбеталы ауылдарының тұрғындарының цитогенетикалық зақымдану деңгейін (хромосомалардың аберрациялары) бағалау болды. Елді мекендердің топырағы альдрин, дельдрин, эльдрин, хлорбензилат және ДДТ сияқты хлорорганикалық пестицидтермен ластанған, азық-түлік өнімдерінде олардың мөлшері ШРК-дан аспайды. Алайда ауыр металдар - Ni және Co үшін ШРК артық болатыны анықталды. Қарақастек пен Үмбетәлі ауылдарының тұрғындарында бақылаутобымен салыстырғанда хромосомалық аберрациялардың жалпы жиілігінің айтарлықтай асып кеткенін көрсетті (p≤0,01). Екі елді мекенде де мутациялар хромосомалықтан хроматидтік өзгеріске қарай ығысу қатынасы химиялық мутагенездің табиғатына байланысты екендігін көрсетеді. Пестицидтермен ластанған аумақтарда тұратын тұрғындардың популяциясындағы хромосомалық аберрация деңгейінің жағдайын және динамикасын талдау ұзақ мерзімді биомедициналық зардаптарды болжау принциптерін әзірлеуге көмектеседі және денсаулық сақтауды басқаруға ықпал етеді.
Кілттік сөздер: пестицидтер, тұрақты органикалық ластастауыштар (ТОЛ), хромосомалық аберрациялар (ХА), химиялық мутагенез, генотоксинділік