Солтүстік Тян-Шаньда мекендейтін Түркістан сілеусінінің тәуліктік белсенділігін зерттеудегі фотоқақпандардың тиімділігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v74.i1.08
        101 86

Аннотация

Жасырын тіршілік ететін және сирек кездесетін жыртқыш сүтқоректілердің күнделікті белсенділіктің ырғақтарын зерттеу олардың басқа түрлермен қарым-қатынасын, қоршаған ортаға бейімделу механизмдерін анықтау, сондай-ақ оларды сақтау стратегияларын реттеу үшін өзекті және қажет. Солтүстік Тянь-Шаньның шалғай тауларында түнгі мезгілде белсенді болатын Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) және оның тіршілік әрекетінің ырғақтары аз зерттелген. Бұл мақалада фотоқақпандардың көмегімен алынған, Солтүстік Тянь-Шаньда мекен ететін сілеусіннің тәуліктік белсенділігі туралы деректер және оның қорек түрлерінің белсенділігінің ырғақтарына сәйкестігіне талдау берілген. 2013-2022 жылдар аралығында Іле және Күнгей Алатауында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 11,258 фотоқақпан-тәулігі өңделіп, Түркістан сілеусіні түскен 59 кадр және оның қоректік нысандарынан құм қояны (Lepus tolai), Сібір елігі (Capreolus pygargus), Сібір таутекесі (Capra sibirica), жабайы қабан (Sus scrofa), қызыл ағаш тиіні (Sciurus vulgaris exalbidus) және марал (Cervus elaphus) түскен 528 кадр алынды. Сілеусіннің күнделікті белсенділігінің ырғақтары оның қоректік объектілерінің ырғақтарымен үш түрлі уақыт кезеңінде: таңертеңгі, күндізгі және түнгі мезгілде сәйкес келді. Күнгей Алатауындағы құм қоянының, Іле Алатауындағы Сібір елігінің сілеусін популяциясын сақтауда алатын орны зор. Алынған нәтижелер Солтүстік Тянь-Шаньдағы сирек кездесетін Түркістан сілеусіні популяциясының тұрақтылығын қамтамасыз етуде осы алты түрді де қорғау қажеттігін дәлелдейді.

Кілттік сөздер: Түркістан сілеусіні, тәуліктік белсенділігі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, фотоқақпандар

Жүктелулер

Как цитировать

Bizhanova, N., Grachev, A., Grachev, Y., Saparbayev, S., & Bespalov, M. (2023). Солтүстік Тян-Шаньда мекендейтін Түркістан сілеусінінің тәуліктік белсенділігін зерттеудегі фотоқақпандардың тиімділігі. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 74(1). https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v74.i1.08

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ