Оңтүстік Балқаш өңірінің топырақ жамылғысының қазіргі жағдайы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v74.i1.010
        161 122

Аннотация

Мақалада Оңтүстік Балқаш өңірінің 3 түрлі координаттарынан алынған топырақ жамылғысының қазіргі жағдайы қарастырылды. Зерттеу нысаны болып отырған Оңтүстік Балқаш маңы топырақтарында далалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, белгіленген  нысандарда топырақ кескіндері қазылып, топырақтардың морфологиялық сипаттамалары жасалды, сонымен қатар лабораториялық зерттеулерге топырақ үлгілері алынып, механикалық және химиялық құрамы анықталды. Топырақтың морфологиялық сипаттамалары бойынша бірінші кескін топырағы боз топырақ, екінші кескін топырағы сұрғылт сары құмды топырақ, үшінші топырақ кескіні құмды сарғыш топырақ типіне жататындығы анықталды. Барлық топырақ кескіндерінің құрамында ұсақ құм мен ірі шаң фракциялары басым болды. Топырақ ортасының негізгі қоректік элементтеріне азот, фосфор және калий жататындықтан, зерттеліп отырған аймақтың топырақтарының қоректік элементтермен қамтылуы анықталды. Зерттеу нәтижелері азот – төмен, фосфор – орташа, калий – жеткілікті дәрежеде қамтылғандығын көрсетті. Топырақ құнарлылығын анықтайтын негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатын гумус мөлшері өте төмен дәрежеде. Топырақ ортасы реакциясы сілтілі, сіңірілген негіздер жиыны төмен мөлшерде екендігі анықталды. Топырақтардың сілтілігі топырақ тереңдігіне қарай артты. Зерттелген топырақ кескіндерінің барлығының құрамында гидрокарбонат иондарының (НСО3-) басым екендігі анықталды. Одан кейін барлық топырақ кескіндерінде Са мөлшері жоғары, ал ең төменгі мөлшерде СО3, Cl’ сниондары және K+ катионы болды. Топырақ кескіндеріндегі тұздар жиынтығы бойынша барлық топырақ кескіндері тұзданбаған болып шықты, яғни тұздар жиынтығы барлық топырақ үлгілерінде 0,2 %-дан төмен болды.

Кілт сөздер: гумус, қоректік элементтер, топырақтар морфологиясы, сіңірілген негіздер, топырақ ортасы реакциясы, топырақтардың тұздануы, су сүзіндісі.

Жүктелулер

Как цитировать

Nurmahanova, A., Ibisheva, N., Аtabayeva S., Tynybekov, B., Сhildibaeva A., Usenbekova, A., & Omirbekova, A. (2023). Оңтүстік Балқаш өңірінің топырақ жамылғысының қазіргі жағдайы. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 74(1). https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v74.i1.010

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ