Алматы қаласының атмосфералық ауасының жүйелі талдау және жасанды интеллект әдістерімен ластануының себептері мен салдарларының өзара байланысын қалыптастыру және анықтау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v75.i2.04
        209 257

Аннотация

Алматы қаласының атмосфералық ауасының ластануы мәселесі бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сарапшылар мен қала азаматтарының пікірін айқындау мақсатында қаланың атмосфералық ауасының ластану себептерін және осы ластануларға әкеп соғатын салдарларды бағалау үшін Алматы қаласының тұрғындарына сауалнама жүргізілді. Ауаның ластануының себептері мен салдары үшін сауалнама нәтижесінде алынған мәліметтер негізінде сараптамалық бағалау жүргізілді. Ластану себептері мен атмосфералық ауаның ластану салдары туралы мәліметтер арасындағы байланысты анықтайтын модель құру үшін машиналық оқыту элементтері бар жасанды интеллект алгоритмдері қолданылды және зерттеу нәтижелері бойынша талдау жүргізілді. Модель құруды жүзеге асыру алгоритмі құрылды. Әзірленген модельдің нәтижелері мен метрикалық бағалары келтірілген. Зерттеу нәтижелері стационарлық, жылжымалы көздер мен тұрмыстық және өндірістік қалдықтар халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға үлкен әсер ететіндігін көрсетеді.

Бұл жұмыс қазіргі заманғы мониторинг жүйелерін, математикалық модельдеуді және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстанның өнеркәсіптік қалаларының атмосфералық ауасының ластануы мониторингінің деректерін жинау мен өңдеудің бірыңғай экожүйесін әзірлеуге бағытталған.

Кілт сөздер: атмосфералық ауаның ластануы, жүйелік талдау, машиналық оқыту, сараптамалық бағалау.

Жүктелулер

Как цитировать

Temirbekov, N., Tamabay, d, Tukenova, Z., & Temirbekov, M. (2023). Алматы қаласының атмосфералық ауасының жүйелі талдау және жасанды интеллект әдістерімен ластануының себептері мен салдарларының өзара байланысын қалыптастыру және анықтау. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 75(2). https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v75.i2.04

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ