БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ РУБЕЖКА ӨЗЕНІНІҢ АЛАБЫ МЫСАЛЫНДА ГАЖ ЖӘНЕ СПУТНИКТІК ДЕРЕКТЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ТОПЫРАҚ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘМБЕБАП ТЕҢДЕУІ НЕГІЗІНДЕ ТОПЫРАҚ ШАЙЫЛУЫН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v77.i4.02Аннотация
Мақала Қазақстанның кіші өзендерінің алаптарында топырақтың су эрозиясының қазіргі кездегі өзекті мәселесін баяндайды. Топырақ эрозиясы құнарлы аумақтардың азаюы нәтижесінде ауыл шаруашылығы секторындағы егістік өнімділігін төмендетеді. Бұл жұмыстың мақсаты әртүрлі ауылшаруашылық жерлері үшін Рубежка өзенінің алабыңда топырақ шайылуың қарқындылығын бағалау болды. Осы мақсатқа жету үшін біз ГАЖ, спутниктік деректер және жаңа Cu индикаторын енгізе отырып, топырақтың шайылуының жетілдірілген теңдеуін қолдандық, бұл шайылуының көрсеткіштерін түзетуге және зерттелетін алаб аумағында оның масштабын дәлірек анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде жылына 0-ден 0,684 т/га-ға дейінгі топырақ шайылуының ең төменгі көрсеткіші алабының оңтүстік бөлігіндегі каштан құмды және құмды сазды топырақтардағы жайылымдар үшін анықталды. Бұл аймақ жауын-шашынның ең төменгі деңгейімен және тік көлбеуімен сипатталады. Өзен алабының солтүстік бөлігінде жылына 1,368 ден 2,052 т/га-ға дейінгі топырақ шайылуының көрсеткіші бар. Бұл жерлер негізінен жазық жер бедерде және климаттың ылғалдылығында қара каштан сазды топырақтарда егістік ретінде пайдаланылады. Рубежка өзен алабының орталық бөлігінде жайылымдар үлесінің ұлғаюы және орташа жылдық жауын-шашын мөлшерінің азаюы байқалады, топырақты шайылуының ең жоғары көрсеткіштері - жылына 3,418 т/га дейін, бұл "шығынның төмен деңгейіне" сәйкес келеді.
Түйін сөздер: өзен алабы, эрозиялық процестер, топырақ, ГАЖ, спутниктік деректер.