ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ АШЫҚ ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАРЫНДА КАРТОП ӨСІРУДЕ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН МОДЕЛЬДЕУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v76.i3.03Аннотация
Әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері ерекше алаңдаушылық тудырып отыр, сондықтан саны өсіп жатқан халықтың азық-түлікке қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығы өндірісін айтарлықтай арттыру қажет болады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға қоректік заттарды басқару әдістері мен технологияларын және тыңайтқыштар технологиясын енгізу және жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады. Далалық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, азот тыңайтқыштарының жоғарылатылған дозаларын бір жақты қолдану және оларды фосфор және калиймен бірге қолдану картоп өсімдіктерінің вегетативті өсу белсенділігін арттырды: құрғақ биомассаның жиналуын, жапырақ алаңының өсуін, фотосинтетикалық өнімділіктің жоғарылауын қамтамасыз етіп, нәтижесінде картоптың жоғары өнімділігін қалыптастырды - 37,8-45,4 т/га, ал тыңайтқышсыз бақылауда өнімділік 32,4 ц/га болды. Алынған регрессиялық модель эксперименттік нәтижелерді жеткілікті дәлдікпен қайталады (R=0,886). Минералды тыңайтқыштарды қолдану картоп дақылындағы түйнектердің ұсақ фракциясының үлесін 6,0-8,7%-ға дейін төмендетті, ал ірі фракцияның үлесін 55-69%-ға дейін арттырды. Тыңайтқыштардың әртүрлі дозаларына байланысты әр гектарға шаққанда картоп дақылы өнімнің биомассасында 172,2-260,6 кг азот, 63,3-84,1 кг фосфор және 197,0-256,3 кг калий элементтерін жинады. Орта есеппен картоп өсімдіктері тыңайтқыштардан 66% азот, 26% фосфор және 59% калий элементтерін пайдаланды. Картоптың қоректік заттардың нормативті тұтынуына азот, фосфор және калий тыңайтқыштарының біржақты әсері және өзара әрекеттесуі регрессиялық модельдермен сипатталды (R = 0,727-0,885). Картопқа арналған тыңайтқыштарды пайдаланудың экономикалық тиімділігін есептеу көрсеткендей, ең жоғары жалпы табыс калийдің аз дозаларымен бірге қолданылған азоттың орташа және жоғары дозалары мен тыңайтқыштардың жоспарлы өнімділікке қолданылған нұсқаларда алынды - 5102,6-5769,9 теңге/га. Кароптың өзіндік құны 50,1-56,5 теңге/кг құрап, өнімнің жоғары рентабельділігі анықталды – 123,1-149,7%.
Түйін сөздер: картоп, ашық қарақоңыр топырақ, тыңайтқыштар, өнімділік, регрессия, экономикалық тиімділік.