ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУ ДӘРЕЖЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТАБИҒИ СУЛАРДЫҢ ӨЗДІГІНЕН ТАЗАРТУ ҚАБІЛЕТІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v79.i2-03Аннотация
Жер үсті суларының өздігінен тазаруына су экожүйесінің көптеген компоненттері қатысады, оның ішінде су қоймасына түсетін ластаушы заттарды бастапқы тотықтыру немесе тотықсыздандыру қызметін атқаратын су микроағзалары үлкен роль атқарады. Алайда көлдер мен өзендерді ластайтын бірқатар химиялық заттар бактериопланктонның белсенділігін төмендетеді. Бұл су қоймасының өздігінен тазару қабілетін бұзады және оның деградациясының орын алуына әкеледі. Органикалық заттардың бұзылу процесінің белсенділігін өзендер мен көлдердің суындағы оттегі көрсеткіші арқылы бағалауға болады. Жұмыстың мақсаты табиғи су қоймаларындағы жалпы химиялық ластанудың микроағзалар есебінен судың өздігінен тазару қабілетіне әсерін зерттеу.
Су қоймасының өздігінен тазару қабілетін бағалау үшін R/ОБҚ қатынасын қолдандық. Сынамалардағы микроағзалардың функциональдық белсенділігін тестілік ластаушы заттар: жанармай, ББЗ және антибиотик қатысында бірінші күнгі R1/ОБҚ1 және бесінші күнгі R5/ОБҚ5 еріген оттегі қатынасын төмендету қабілетімен бағаладық.
Өзенде де, көлде де әртүрлі ластаушы заттардың әсерінен биоорганикалық ластанудан табиғи сулардың өзін-өзі тазарту қабілетінің төмендеуі жалпы сипатқа ие екендігі көрсетілген.
Жанармай, жуғыш зат Fairy және Оспамокс 250 антибиотигін қосып, өзен және көл суларындағы гетеротрофты деструкцияның төмендеу дәрежесін салыстырмалы анықтауда, соңғысы яғни антибиотик 1:999 сұйылту кезінде су қоймасының биоорганикалық деструкцияға қабілетін жылдам төмендетеді, ал 1:99 сұйылту кезінде оны толығымен жояды.
Табиғи сулардың өзін-өзі тазартуының ең тежегіш құралы Fairy жуғыш заты. 1:9 және 1:99 сұйылтылған кезде Fairy бесінші күні өзін-өзі тазарту қабілетін нөлге дейін төмендетеді.
Жанармай салыстырмалы түрде көп мөлшерде ғана өзін-өзі тазарту қабілетін басуға қабілетті: сумен 1:9 қатынасында.
Тірек сөздер: өзін-өзі тазарту, бактериопланктон, еріген оттегі, ОБҚ, ББЗ.