ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ТАУ БӨКТЕРІ АЙМАҒЫНДАҒЫ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨСІРІЛЕТІН ТҮРЛЕРІНІҢ ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v81.i4.a10Аннотация
Өсімдіктердің биологиялық әралуандылығын сақтау саласында генофондтың сақталуын қамтамасыз ететін және кешенді эксперименттік зерттеулер жүргізу үшін ғылыми негіз болатын тірі өсімдіктердің коллекцияларын құру бірінші кезектегі міндет болып табылады. Солтүстік Тянь-Шань таулы провинциясы, Іле Алатауы жотасының дала аймағында орналасқан Бас ботаникалық бақтың (Алматы қ.) өсірілетін дәрілік өсімдіктер учаскесінің экологиялық жағдайлары атмосфераның, топырақтың және судың ластануы арқылы жанама түрде өсімдіктердің органогенез процестері мен химиялық құрамына әсер етуі мүмкін. Өсімдіктердің құрамында ауыр металдардың, әсіресе қорғасынның (Pb), кадмийдің (Cd) және сынаптың (Hg) болуы, антропогендік әсердің көрінісі айқын байқалады. Осыған байланысты дәрiлiк өсiмдiктердiң экологиялық тазалығы проблемасы өзектi, ол өсiмдiк шикiзатындағы және топырақтағы ауыр металдардың мөлшерін анықтау үшін зерттеулер жүргізуді қажет етті. Топырақ сынамалары мен өсімдік шикізатын талдау, топырақ және өсімдік шикізатын химиялық талдау бойынша жалпы қабылданған әдістерге сәйкес жүргізілді. Мақалада учаскенің мәдени топырағының морфогенетикалық қасиеттері және Lamiaceae тұқымдасы дәрілік өсімдіктерінің өсірілетін 6 түрінің: Betonica betoniciflora, Leonurus turkestanicus, Salvia deserta, Mentha longifolia, Thymus marschallianus, Ziziphora clinopodioides өсімдік шикізатының уытты (Pb, Cd) және минералды (Zn, Cu) элементтер құрамы бойынша талдау нәтижесінің деректері келтірілген. Учаске топырағындағы ауыр металдардың (Cd, Pb, Zn, Cu) концентрациясы ШРК шегінде, ал зерттелген өсімдік шикізаты сынамаларында тағамдық өсімдіктер мен өсімдік негізіндегі биологиялық белсенді қоспалар үшін ШРК-дан аспайтындығы анықталды
Түйін сөздер: Іле Алатау, дәрілік өсімдіктер, топырақтың морфогенетикалық қасиеттері, ауыр металдар, экологиялық қауіпсіздік