ТЕХНОГЕНДІК ЛАСТАУШЫ ЗАТТАРДЫҢ ГЕНОМНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІН ЭКОГЕНЕТИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v81.i4.a5Аннотация
Зерттеудің мақсаты-алыс генетикалық әсерлерді ескере отырып, қоршаған ортаның радиациялық ластануының геномның тұрақтылығы мен адам денсаулығына әсерін бағалау.
Гамма-белсенділікті өлшеу полигонның зерттелген аумағы мен іргелес елді мекендердің радиация деңгейі 0,06-0,014 мЗв/сағ шегінде екенін көрсетті.осыған байланысты радиацияға жеке сезімталдық механизмдерін және ДНҚ жөндеу жүйесінің рөлін зерттеу ерекше маңызға ие [1,36]. Қан жасушаларының ДНҚ молекулалық-генетикалық зерттеулері және радиоактивті қалдықтар полигонының әсер ету аймағында тұратын адамдардың цитогенетикалық талдаулары бірнеше мутантты генотиптердің таралуын анықтады, бұл геномның айқын тұрақсыздығы бар адамдарда экологиялық аурулардың даму қаупінің жоғарылау ықтималдығын көрсетеді.
Полигон аумағындағы және оған іргелес елді мекендердегі радиация деңгейі 0,06-0,014 мЗв/сағ шегінде. XRCC1 ARG399GLN ДНҚ жөндеу генін генотиптеу әдісімен анықталды: гомозиготалы Arg/Arg (89+159), гетерозиготалы Arg/Gln (248+159+89), гомозиготалы Gln/Gln (248). Генотиптердің таралуы келесі ретпен: XRCC1 Arg/Arg - 15 адам, XRCC1 Arg/Gln - 14 адам, XRCC1 Gln/Gln - 1 адам
Түйін сөздер: мутагендер, радиация, қоршаған орта, гендер, тұқым қуалайтын аурулар, геном