ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАБАЙЫ АЛМА ОРМАНДАРЫНДА БАКТЕРИЯЛЫҚ КҮЙІКТІҢ ТАРАЛУЫН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v80.i3-07Аннотация
Erwinia amylovora – жеміс ағаштарында бактериялық күйдіргіні тудыратын ерекше қауіпті қоздырғыш. Бұл қоздырғыш Қазақстан аумағында тарала бастағандықтан мәдени және Malus sieversii жабайы алма ормандарына айтарлықтай қауіп төндіреді. Бүгінде бактериялық күйіктің таралып кеткен түрлеріне тиімді ем болмағындықтан, тек ерте диагностикалау арқылы ғана оның алдын алуға болады. Көп зерттеулер негізінен мәдени алма бақтарында бактериялық күйікті анықтауға бағытталғанымен, жабайы алма популяциясын бақылауға аз көңіл бөлінеді. Сол үшін жабайы алма ағаштарында бактериялық күйіктің таралуын анықтау үшін Қазақстанның төрт қорғалатын аумақтарында кешенді төрт жылдық мониторинг режимі жүргізілді. Бірнеше жыл бойы жүргізілген тексерулер нәтижесінде Malus sieversii үлгілерінде бактериялық күйіктің айқын белгілерінің жоқтығын анықтады. Бұл бақылаулар бүйірлік ағындағы иммунохроматография, сондай-ақ симптомсыз үлгілерде жүргізілген стандартты және нақты уақыттағы полимеразды тізбекті реакцияның талдауы арқылы одан әрі расталды. Бұл зерттеудің нәтижелері Қазақстанның жабайы алма ормандарындағы бактериялық күйіктің қазіргі жағдайы туралы баға жетпес ақпарат бере отырып, табиғатты қорғау үшін үлкен маңызға ие. Демек, бұл деректер мемлекеттік органдарға осы экологиялық маңызды экожүйелерде бактериялық күйіктің таралуын шектеуге бағытталған алдын-ала шаралар қабылдауға шақыратын ғылыми негізделген ұсыныстарды тұжырымдауға негіз болады.
Түйін сөздер: Malus sieversii, Erwinia amylovora, жабайы алма ормандары, бактериялық күйік, табиғатты қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.