Lovinskaya A.V., Kolumbayeva S.Zh., Esim Zh.I., Voronova N. The antimutagenic potential of extracts from Limonium gmelinii family Plumbaginaceae (= Limoniaceae Lincz.)

Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty, *e-mail: annalovinska@rambler.ru

Авторлар

  • Lovinskaya A.V. Kolumbayeva S.Zh., Esim Zh.I., Voronova Al-Farabi Kazakh National University,
        77 59         77 31

Аннотация

Арпа тұқымының тамырының ұрық меристемасының клеткаларындағы хромосомалық
аберрацияларды есепке алу тесті қолдану негізінде Limonium gmelinii өсімдіктің жер асты
және жер үсті мүшелерінің сығындыларының биологиялық белсенді заттар (ББЗ) кешенінің
цитогенетикалық және мутагенді өзгермелік белсенділігі зерттелді. 50,0 және 100,0 мг/л
концентрациясы бар өсімдік сығындылар мутагендік белсенділік көрсеткен жоқ, бірақ, керісінше,
спонтанды мутагеннің деңгейін төмендетті. Стандартты метилметансульфонат (ММС) мутагеннің
және өсімдіктер сығындыларының қосымша әсері болғанда индукцияланған ММС мутагенездің
деңгейі статистикалық сенімді ретінде төмен болғаны анықталды. ММС-қа қарсы жоғары
деңгейде Гмелин кермегінің жер асты және жер үсті мүшелерінің ББЗ сығындылары антимутагенді
белсенділігін көрсетті. ББЗ-ның максималды антимутагенді тиімділігі тұқымдарды алдын ала,
сосын барып ММС-пен өңдегенде байқалды, яғни 64,70% (жер асты мүшесі) және 67,46%
(жер үсті мүшесі) аралығында. ММС-пен және сығындылармен бөлек және қосымша өңдеген
жағдайда тұқым өсінділердің тамыр меристемасының митоздық индексі (МИ) зерттелді. Өсімдік
сығындылар митозды ынталандыру нәтижесін көрсетті. ММС тамыр аймағындағы меристемалық

клеткалар популяциясының пролиферативті белсенділігін бақылаумен салыстырғанда статистикалық сенімді ретінде төмендетті. Тұқымдарды өсімдіктердің жер асты және жер үсті
мүшелерінің ББЗ-мен алдын ала және кейінгі түрде өңдегенде тамыр меристемасының митоздық
белсенділігінің деңгейі ММС-пен салыстырғанда статистикалық сенімді ретінде жоғарылады.
ББЗ-ның генопротекторлық әсері олардың әртүрлі генотоксиканттардың әсерінде ұлғая түскен
босрадикалды процестерді тежеуге қабілетті болу мүмкін және хромосомалардың репарациясын
ынталандырады. Өсімдік препараттарды ем беретін құралдар, яғни мутагендердің организмге
әсерін жоюға бағытталған ретінде санауға болады.
Түйін сөздер: гмелин кермегі, биологиялық белсенді заттар, антимутаген, хромосомалық
аберрациялар, митоздық индекс.

Жүктелулер

Как цитировать

Kolumbayeva S.Zh., Esim Zh.I., Voronova, L. A. (2018). Lovinskaya A.V., Kolumbayeva S.Zh., Esim Zh.I., Voronova N. The antimutagenic potential of extracts from Limonium gmelinii family Plumbaginaceae (= Limoniaceae Lincz.): Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty, *e-mail: annalovinska@rambler.ru. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 52(3), 36–44. вилучено із https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/777

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ