Есентай және Үлкен алматы өзендері суының жануарларды сынау жүйелеріндегі генотоксикалық эффекті
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v66.i1.02Аннотация
Су ресурстарының мониторингі – табиғи ортаны қорғау және ұтымды пайдалану шаралары жүйесінің маңызды буыны. Су объектілерін зерттеу кезінде оның маңызды құрамдас бөлігі ретінде судың генотоксикалық эффектің және мутагенділігін бағалауы жатады. Бұл зерттеудің мақсаты Алматы қаласында ағып жатқан Есентай мен Үлкен Алматы өзендерінен келетін судың генотоксикалығын зерттеу болып табылды. Зерттеу нәтижесі Fe, Cu, Co, Ni, Pb, және Cdауыр металдарының құрамы Есентай және Үлкен Алматы өзендерінде шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) аспайтындығын көрсетті, ал мырыш мөлшері ШРК-дан 1,1 және 7,7 есеге, тиісінше марганец көрсеткіші 2,1 және 1,9 есеге артқандығын анықтады. Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің су үлгілері бақылау тобының жануарларымен салыстырғанда ДНҚ-ның бір жіпті ажырау жиілігінің статистикалық маңызды ұлғаюынан көрінген зертханалық тышқандардың сүйек кемігі, бауыр, бүйрек және көкбауыр жасушаларында ДНҚ-ны зақымдаушы әсерін көрсетті. ДНҚ-ның зақымдануы ДНҚ-комета әдісі арқылы анықталды. Зертханалық тышқандарға зерттелген өзендер суының генотоксикалық әсерінің органоспецификасы анықталды. Судың генотоксикалық әсеріне сезімталдығы бойынша эксперименттік тышқандардың органдары келесі тәртіпте орналастыруға болады: көкбауыр және сүйек кемігі> бауыр> бүйрек. Сонымен қатар, Есентай және Үлкен Алматы өзендерінен су қабылдаған зертханалық тышқандардың бауырында липидтердің асқын тотығу өнімдерінің – липидтердің гидро пероксиді мен малондиальдегидінің – ұлғаюы анықталды. Сонымен, жануарлар сынақ объектілеріндегі суды физика-химиялық, молекулалық-генетикалық және биохимиялық талдау нәтижелері зерттелетін табиғи жер үсті суларында генотоксикалық және уытты белсенділігі бар химиялық заттардың болуын көрсетеді.
Түйін сөздер: жер үсті сулары, ауыр металдар, ДНҚ-комет әдісі, органның ерекшелігі,
липидтердің тотығуы