Қазақстандағы кеш қызғалдақтың (Tulipa tarda Stapf) экологиялық-фитоценотикалық ерекшеліктері

Авторлар

  • А. D. Tolenova «Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы» ШЖҚ РМК, Қазақстан, Алматы қ.
  • А. А. Ivaschenko «Зоология Институты» ШЖҚ РМК, Қазақстан, Алматы қ.
  • I. I. Moysiyenko Херсон Мемлекеттік Университеті, Украина, Херсон қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v66.i1.06
        101 0

Аннотация

Мақалада сирек кездесетін солтүстік Тянь-шань эндемигі Tulipa tarda Stapf қауымдастығының флоралық құрамы, экологиялық сәйкестігі және таралуы бойынша нәтижелер келтіріледі. Жеке материалдарымызды, гербарий мәліметтерін, әдебиет және интернет көздерін өңдеу нәтижесінде түрдің таралуының нүктелік картасы жасалды. 13 геоботаникалық сынақ алаңдарының сипаттамаларының мәліметтері бойынша түрдің өсуінің биіктік интервалы (1100-1900 м теңіз деңгейінен жоғары) анықталды, оның беткейлердің көлбеуіне және экспозициясына салыстырмалы түрде бейімсіздігі, сондай-ақ көбінесе дала және дала типіндегі көп компонентті өсімдіктер қауымдастықтарына жататындығы анықталды. Авторлардың зерттеу нәтижелері бойынша Қырғызстанның іргелес аумағынан екі сипаттаманы толықтыра отырып, T. tarda қатысуымен қауымдастықтардың жалпы флоралық құрамы 140 туыс және 45 тұқымдастан жоғары өсімдіктердің 199 түрі  құрайды. 16 жетекші тұқымдас құрамына (Asteraceae-ден Crassulaceae-ге дейін) зерттелген қауымдастықтардың барлық флоралық құрамының 78% кіреді. Қауымдастықтардың флоралық ядросы небәрі 13 түрді құрайды, олардың көпшілігі дала және петро-литофильді экологиялық элементтер болып табылады. Tulipa tarda қатысатын қауымдастықтардың құрамында Қазақстанның Қызыл кітабына (2014) енгізілген тағы 8 түрі бар. Бұл зерттелетін түрді ғана емес, сонымен бірге оның қатысуымен барлық өсімдік қауымдастықтарын ерекше қорғау қажеттілігін растайды.

Автордың биографиясы

А. А. Ivaschenko, «Зоология Институты» ШЖҚ РМК, Қазақстан, Алматы қ.

ҚР БҒМ ҒК "Зоология институты" ШЖҚ РМК жетекші ғылыми қызметкері. Биология ғылымдарының кандидаты, Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, "Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі (ҚБСА) – 2009 жылдан бастап, ҚБСА Кеңесінің мүшесі – 2010 жылдан бастап; "Адам және Биосфера" халықаралық бағдарламасы қазақстандық ұлттық комитетінің мүшесі - 2011 жылдан бастап.

Жүктелулер

Как цитировать

Tolenova А. D., Ivaschenko А. А., & Moysiyenko, I. I. (2021). Қазақстандағы кеш қызғалдақтың (Tulipa tarda Stapf) экологиялық-фитоценотикалық ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 66(1), 61–74. https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v66.i1.06

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ