ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНДЕ ӨСІРІЛЕТІН ЖЕРГІЛІКТІ ЕШКІ ТҰҚЫМЫНЫҢ СҮТ ӨНІМДІЛІГІН ПРОБИОТИКТАР ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АРТТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Авторлар

  • Ұлдана Нарша М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-9928-7085
  • Нурадин Алибаев М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-1347-4147
  • Юсупжан Юлдашбаев Ресей Мемлекеттік Аграрлық Университет - К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясы, Ресей Федерациясы https://orcid.org/0000-0002-7150-1131
  • Орынбек Бекетауов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5203-9730

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v78.i1.013
        111 40

Аннотация

Қазіргі кезде ешкі сүтіне ішкі және сыртқы нарықта сұраныс өте жоғары. Қазақстанда ешкі сүтін өндіру өте төмен деңгейде және ешкі сүтінің негізін жергілікті ешкі тұқымдарын өсіру арқылы, өндірілген сүт өнімдері нарықта стихиялық жүзеге асырылуда.

 Осыған орай,  Оңтүстік Қазақстан өңірінде өсірілетін жергілікті ешкі тұқымының сүт өнімділігін пробиотиктер қолдану арқылы арттыру өте өзекті мәселесі зерттелді.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының Машат ауылында орналасқан жергілікті ешкі тұқымын өсіретін «МАШАТ» шаруашылығында 108 бас сауын ешкілерге 1 кг тірідей салмағына әр түрлі пробиотиктер «Ветомм 1,1», «Бентобак» және «Молочный мастер» 0,25 мг, 0,5 мг, 0,75 мг және 1,0 мг мөлшерде беріліп, олардың тәуліктік және 4 ай сауында сүт мөлшерін, сүт майлылығын және ақуыз құрамы анықталды. Бақылау тобы ретінде пробиотик қолданбаған 12 бас сауын ешкілер алынды.

Зерттеу нәтижесінде қолданылған пробиотиктердің тегіне және дозасына байланысты ешкі сүтінің сапасына оң әсер ететін пробиотик «Молочный мастер» 0,75 мг 1 кг тірідей салмаққа дозасы тиімді болды.

«Молочный мастер» препаратының сауын ешкілердің 1 кг тірідей салмағына 0,75 мг мөлшері тәуліктік сүтті І лактацияда 2,49±0,024 кг, ІІ лактацияда 2,68±0,031 кг және ІІІ лактацияда 2,55±0,052 кг жеткізіп, 4 ай сауында І лактацияда 298,8±0,017 кг, ІІ лактацияда 321,6±0,016 кг және ІІІ лактацияда 306±0,018 кг жеткізетіндігі дәлелденді.

Пробиотиктардың тегіне байланысты сүттің майлылығы мен ақуызының ең  жоғарғы көрсеткіші «Молочный мастер» препаратын қолданғанда сүттің майлылығы І лактацияда 5,57-5,74%, ІІ лактацияда 5,54-5,77% және ІІІ лактацияда 5,65-5,80% болса, ал ақуыз құрамы І лактацияда 3,62-3,71%, ІІ лактацияда 3,70-3,80% және ІІІ лактацияда 3,61-3,72% болды.

«Молочный мастер» препаратын өндіріске енгізу сауын кезеңдерінде ешкілерден -  І лактацияда  298,8 мың теңге, ІІ лактацияда 321,6 мың теңге және ІІІ лактацияда 306 мың тенге бақылау тобына қарағанда (пробиотиксіз) артық табыс алуға мүмкіндік береді.

Кілт сөздер: ешкі шаруашылығы, жергілікті ешкі, сауын ешкі, пробиотиктер, сүт өнімділігі

Жүктелулер

Как цитировать

Нарша, У., Алибаев, Н., Юлдашбаев, Ю., & Бекетауов, О. (2024). ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНДЕ ӨСІРІЛЕТІН ЖЕРГІЛІКТІ ЕШКІ ТҰҚЫМЫНЫҢ СҮТ ӨНІМДІЛІГІН ПРОБИОТИКТАР ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АРТТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 78(1). https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v78.i1.013

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ